Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі комиссия отырысы

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі комиссия отырысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі комиссия отырысы болды. Отырысқа Қордай ауданы әкімініңорынбасары Б.Т Жамангөзөв, Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Ә Ыбышева, ауыл әкімдері, ҰҚК қызметкерлері қатысты. Отырыста талқыланған басты мәселе ол ел жастарының, әсіресе дүнген ұлт өкілдерінің көптеп шет елдерде білім алу болып табылды.

Осы мәселе бойынша ауыл әкімдері есеп беріп, қалыптасқан жағдай жайлы сөз қозғады. Теріс ағымдардың мәселесі де сырт қалмай, осы бағытта ҚМДБ имамдары мен бірлесе атқарылып жатқан іс-әрекеттер талқыланып, бірінші тоқсан есебі талқыланды. Комиссия мүшелері атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, тиімділік үшін жұмыс барысын одан ары күшейтуге келісті.


Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: