Суицид - қатерлі індет

Суицид - қатерлі індет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәрсенбі күні Мойынқұм аудандық Мамандандырылған Күзет Басқармасы мемлекеттік мекемесінде суицид тақырыбына байланысты кездесу болып өтті. Кездесуге аудан имамы Исаев Зият, психолог Серікбаева Айман және мекеме қызметкерлері қатысып отырды.

Кездесу барысында мекеме басшысы Базарқұлов Мұрат «Суицид – қатерлі індет» тақырыбына баяндама жасады.

Аудан имамы кісі өлтіру, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсау, яғни суицид Алла тағалаға серік қосу күнәсінен кейінгі екінші үлкен қылмыс болып табылатындығын айтты. Ол: «Біздің жанымыз – Жаратқан Алланың бізге берген ең үлкен аманаттарының бірі. Әрине, бұған қиянат ету  - ауыр күнә. Құран Кәрімде  «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп қатерге салмаңдар…», - деп әмір етіледі. Қандай жағдайда да адам баласы өзінің және басқа адамның өміріне қастық етуіне болмайды. Адам баласы қатты науқас болса да, өмірі қаншалықты қиындап кетсе де өзіне қол жұмсаумен жеңілдікке қол жеткізе алмайды» - деді.  Бұған қоса сабырлық туралы уағыз-насихат айтып, діни сауалдарға жауап берді.

Өз кезегінде сөз алған психолог Айман Серікбаева:

 - Өлімге құмарту негізінен психиканың проблемасы, оның астарын қоғаммен байланыстыруға болмайды. Көпшілігіміз рухы әлсіз, қорқақ және мінезсіз адамдар ғана осындай суицидке барады деп ойлаймыз. Сөйтсек, суицид ешкімді де сырт айналып кетпейді екен. Суицид - дертінің емі иманда - дейді діндарлар, бұл пікірмен бәрімізде келісуіміз керек, себебі өзіне-өзі қол жұмсау - күнә болып саналады. Қалай десек те, суицидтің адам үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім-жітімнің артуына, халық санының азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік-экономикалық шығынға да батырады. Сондықтан бұл дертпен бірлесе күресуіміз қажет» - деді. 

Кездесу қорытындыланып, қатысушылар суицид туралы кеңінен хабардар болғандарын жеткізіп, тарасты.

Р.Сәрсенов.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: