Қайырымдылық – ең ізгі қасиет

Қайырымдылық – ең ізгі қасиет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адами қасиеттердің ең қадірлісі - қайырымдылық. Ал оны жасау  - үлкенін сыйлаған, қариясын қастерлеген, жетімін жылатпаған, кемтар жандарды ешкімнен кем көрмеген қазақ халқына тән қасиет екеніне ешкімнің таласы жоқ.

Осындай бір қайырымдылық шарасы осы аптаның  дүйсенбі күні Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылында  болып өтті.  Аудандық Мойынқұм мешітінің ұйымдастыруымен осы ауылдың тумасы, кәсіпкер Аязбаев Талғат Алла разылығы үшін ірі қара мал сойып,  жағдайы төмен 20 отбасыға теңдей бөліп таратып берді.  Аудан имамы, барша мешіт жамағаты бұл сауапты іске қуана атсалысты.  Өз кезегінде сөз алған Талғат мырза:

-         Осы ауылдан түлеп ұштық. Қазір қалада кәсіп қуып жүрсек те туған жеріміз ешуақытта ойдан шыққан емес. Бұл ғана емес, Алла бұйыртса  алдағы уақытта әр ай сайын бір малдан сойып, мұқтаж жандарға үлестіріп тұрсақ деген ниетіміз бар, - деді.

Р.Сәрсенов.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: