Ортамызды таза ұстау, ортақ міндет.

Ортамызды таза ұстау, ортақ міндет.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (с.а.у): «Қандайда бір мұсылман көшет отырғызатын болса немесе егін ексе, оны құстар,  адамдар немесе жануарлар жесе, еккен адамның садақасы болады» – деген. Асыл дініміздің шариғи үкімдерінде,  құлшылықпен қатар айналамыздағы табиғатқа  мейiрiмдiлiкпен қарауды,  адамзатқа ортақ бір сүйем жерді қастерлеп, көгертіп орман отырғызып, таза ретті ұстаудың өзі  Алла тағаланың құзырында үлкен сауап болып жазылатынын ескертеді. Жүрегінде иманы бар әрбір мұсылман баласы бұл үкімді ешқашан аттап өте алмайды. Хадисты ғұрпымыз деп өткен халықтың ұрпағы – біздер де сол дәстүрді берік ұстанамыз.  

«ҺибатуллаТарази» медресесінің директоры, ҚМДБ-ның ЖО бойынша өкіл имамы Данияр қары Жұмабаев мешіт-медресенің ауласын таза ұстау жөнінде сенбілік шарасы ұйымдастыруды өңірдегі аудан-қала мешіттерінің Бас имамдарына  жыл сайын тапсырып отырады.

Биыл да бұл үрдіске бастамашы болып «Һибатулла Тарази» мешітінің имамдары мен медресе ұстаздары мешіт медресе ауласын тазалады. Осы бастама қаламыздағы мешіттер мен аудандық мешіттерде жалғасын тауып,  алғашқылардың бірі болып, "Құлбай-баба" мешіттің Бас имамы Сматов Талғат Асанұлының ұйытқы болуымен мешіт жамағаттарымен бірлесе отырып  сенбілік өткізсе, аудандарда  Қордай аудандық «Қордай» мешітінің имамы  Шалбаев Жалил аудандық мешіттен бастап, аталмыш мешітке қарасты, Қарасу ауылдық «Ал-Хадий» мешіті аумағында көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізген.

Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз Азизовтың ұйытқы болуымен имандылық ордасының айналысы қыстан жиналып қалған күл-қоқыстардан тазартылып,  тал-дарақтардың қураған бұтақтары оталды, ағаштардың түптері әктеліп,  жаңадан гүлзарлар отырғызылды. Мұнымен қатар   17 ауылдық округте орын тепкен мешіттерде де  тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әсіресе «Бейшен ата», «Тілеш ата», «Әл Нағым», «Аққия ауылы» мешіттерінде  жүргізілген. Ортамызды таза ұстау, ортақ міндет екенін ұмытпайық ағайын!

Көгедай Шәмерхан

 

Шу ауданында бірқатар сенбіліктер жасалды

Тазалық сақтап, табиғатты құрметтеу асыл дінімізде ерекше құрметке ие. Оның үстіне Шу ауданы әкімі Б.Б.Нұркеновтың қаулысымен наурыз, сәуір, мамыр айларын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау үш айлығы жариялағаны көңілімізді бек қуандырды. Және Шу ауданының Төле би мешітінің бас имамы Аят Алмаханов өткен жұма уағызында тазалық иманның көрінісі екендігі туралы уағыз насихат жасап, жамағатты сенбілік жасауға шақырды. Имамның бастамасын мешіт
жамағаты қолдап мешіт маңындағы алма ағаштары әктеліп, жер қопсытылып, жоңышқа
себілді.

Мешіттің жазғы шырайын келтіретін ауласындағы раушан гүлдер ашылып, жаңа гүлдер отырғызылды. Екі-үш күн тазалық шарасын жасаған жамағаттын себебімен мешіт көркі ажарланды десек ағаттық емес. Бірлігі бекем мұсылмандар әрдайым айналасына үлгі-өнеге болуға тиіс екенің тағы бір дәлелдеді.

Ата дініміз Ислам тазалық үстіне орнағандығын, әрі тазалық иманның жартысы екендігін Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с сүннеті нұсқайды.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: