Баянды бастамалардың жалпы барысы

Баянды бастамалардың жалпы барысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамының басшылығымен қала, аудан бас имамдарының кезекті жиналысы болып өтті.

Жиналыста ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің тапсырмалары негізінде, өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстардың белсенділігі мен қортынды көрсеткіш есебі талқыланып, түйіткелі көп мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Өкіл имам Жұмабаев Данияр қажы бұған дейінгі жиналыстардың бірінде әр ауданның бас имамына өздері басшылық етіп отырған аудан көлемінде атқарылып жатқан үш бағыттық яғни, теріс ағымдар алдын алу, қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру және уағыз – насихат жұмыстары есебін аптаның әр сенбісінде өкілдікке жолдаулары тиіс болатын. Аталған апталық есептер бойынша аудан имамдардың деңгейі анықталып, жақсы, орта, төмен және өте төмен көрсеткіштері белгіленді. Жақсы көрсеткіш көрсеткендерге көтермелеу, төмен және өте төмен көрсеткіш көрсеткендерге сын ескерпе сөздері айтылды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: «Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бөлініп шығудан өте қатты сақ болыңдар. Себебі, шайтан жеке басына өмір сүрген кісіге жақын болады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады. Кімде кім жәннәттің дәл ортасында өмір сүргісі келсе, бірге болуға мән берсін»,–деп өсиет еткен.

Өңіріміздегі діни ахуалды жақсарту мен руханиятымызды өркендеуі жолында атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыру әрбір аудан бас имамдарының ортақ мақсаты екені айқын.

Көгедай Шәмерхан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: