Жақсылыққа жаршы, береке ұйтқысы білікті имамдар

Жақсылыққа жаршы, береке ұйтқысы білікті имамдар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Һибатулла-Тарази» медресесінде облыстағы қала, аудан бас имамдары мен Тараз қаласында орналасқан мешіттердің имам, молдаларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс болып өтті.

Мәжіліске Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бастығы С. Айдапкелов пен БАҚ өкілдері қатысты.

Өкіл имам Жұмабаев Данияр қары мәжіліске қатысушыларды таныстыра келіп, сөз кезегін С. Айдапкелов мырзаға берді.

Сөз алған Серғали Өрімзақұлы Елбасының халыққа Жолдауы - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және Қазақстан атауының «Қазақ елі» деп өзгеруі туралы ұсынысы жайында айта келіп, ұлттық валютамыздың долларға қатысты бағамы құнсыздану девальвациясы мен елді дүрбелеңге салған кейбір екінші дәрежелі банктер жабылады-мыс деген қауесеттің салдарынан болып жатқан келеңсіздіктерді болдырмау жолдары жөнінде кеңінен баяндады. Сөз соңында мәжіліске қатысушылардың баяндама төңірегінде қойған сауалдарына жауап берді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кiм маған бойсұнса, ол Аллаға бойсұныпты. Кiм маған бойсұнбаса, ол Аллаға бойсұнбапты. Кiм басшыға бағынса, ол – маған бағынғаны. Кiм басшыға бағынбаса, ол – маған бағынбағаны», - дейдi. Бұл – халықтың өз басшысына бойсынуы қажет екендігіне дәлелді хадис. Демек, еліміздің қолданысындағы заң талаптарын орындау мұсылмандық міндетіміз болып табылады.

Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: