Біз Балалармен біргеміз!

Біз Балалармен біргеміз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Игілігі мол, бірлігі жарасқан Қордай жерінде тағы бір игі іс атқарылды. Бұл игі іске мұрындық болған, яғни ұйымдастырған Ә.Шалбай бастаған аудандық «Қордай» мешітінің дін қызметкерлері болса, демеушілік еткен «Құл қожа Ахмет» қайырымдылық қоры. Атқарылған істі сипаттайтын болсақ, аудан бойынша 22 жетім балаға мұсылман өміріндегі басты парыздың бірі білім алуға қажетті мектеп формасы, жылы аяқ киім және жылы сырт киім таратылды.

Игі шараның басты ұраны, екі дүниенің сәруары Рахым Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) өзі жетімдіктің тауқыметін көп тартқан, жетімдер ақысына байланысты мына хадисі басты ұран болды: « Жетімді өз қолына алған адам, мына екеуі сияқты жәннатта жақын боламыз», — деп нұсқаушы және орта саусақтарын көрсеткен. Алланың сауабына бөленіп, Ардақты елшінің қасында болуды аңсаған жайсаң жандар осындай ізгі істермен жәннәтқа асығуда!

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешітінің

наиб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: