Қордай жеріндегі сауапты істер тізбегі

Қордай жеріндегі сауапты істер тізбегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай жерінде аудандық «Қордай» мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен де, қатысуымен де бірнеше сауапты іс атқарылды. Оның біріншісі Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай ағамыздың ат салысуымен «Қызыл жарты ай» қайырымдылық қоры аудан бойынаша шамамен 250-ге жуық жетім балаларға әр алты ай сайын жәрдемақы беріп тұрады. Міне осы аптада осы балалардың қамқоршыларын жинап, әр қайсысына 53 000 теңге құрайтын 250 балаға жәрдемақы төледі. Жәрдемақы алушылардың құрамы  әр түрлі ұлт және өзге дін өкілдерінен де қалыптасқан.Өзге дінді ұстанушылар осы арқылы Исламның «Жетім көрсең жебей жүр» деген керемет құндылығын өз бастарымен сезуде, алғыстары шексіз.

Аудан орталығындаорналасқан №6 орта мектепте  ата-жиналысы болып, аталмыш жиналысқа Қордай ауданының наиб имамы Б.Жүсіпов қатысты. Жиналыс барысында Б.Жүсіповқа сөз берілді.Наиб имам Б.Жүсіпов жиналған жамағатқа Ислам дінінің құндылықтарын уағыздап, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың ролін Ислами тұрғыдан сипаттап өтті.

Тағы бір пайдалы жиын аудан орталығында орналасқан №47 орта мектепте өтті. Жиналысқа мектеп ұстаздары, ата-аналар, аудандық ІІБ-ның өкілдері және мешіт тарапынан Қордай ауданының наиб имамы Д.Жандосұлы қатысты. Басты тақырып, «өскелең ұрпақ тәрбиесі болды». Жиналған ата-аналармен психолог мамандар ұйымдастырған түрлі тренингтер, пікір-таластар болды. Жиналыс  барысында Д.Жандосұлы Исламдағы ұрпақ тәрбиесіне тоқталып, ардақты елші Мұхаммед с.ғ.с «Әкенің балаға қалдырған жақсы мирасы ол жақсы тәрбиесі» деген өнегелі хадисін ашықтап, бала тәрбиесіндегі әкенің ролін және аналық тәрбиенің маңызын атап өтті. Ұл және қыз тәрбиесінің ерекшеліктерін сипаттап, аталарымыздың «Қызды қырық үйден тыю» деген ұлағаттылығы шариғатпен ұштасқан даналық сөзін еске салып, қыз баланың жүріс тұрысына тыңғылықты, баса назар аудару қажеттігін айта кетті. Сөзін жалғастыра келе Д.Жандосұлы бүгінгі қыз ертеңгі бесік тербетер ана   екендігін айта кете, қыз бұзылса ел бұзылатын қағида бар екенін еске сала өтті. Хакім Абайдың «Балам закон білді деп қуанар ата-анасы, ойында жоқ олардың шариғатқа шаласы» деген даналық сөзін оқып, өскелең ұрпақты тек материалдық құныдылықтарды бағалауға ғана емес, рухани кемелділікке тәрбиелеуге шақырып, «Алланы таныған бала сізге бала болады, Алланы танымаған бала басқа бәле болады» деген ақиқат шындықты тілге тиек етті.Жат ағымдардан сақтанып, балалардың сауатын ашуға шақырып, қандай да бір діни мәселені тек ҚМДБ өкілдерінен сұрау қажеттігін айтып, мектеп кітапханасындағы діни әдебиеттерді саралап өтіп, тек қана ҚМДБ сараптамасынан өткен әдебиеттерді оқуға шақырумен Д.Жандосұлы өз сөзін аяқтады.  Полиция өкілі Е.Сүгірбаев жастар арасындағы қылмыстың белең алып бара жатқандығын нақты мәліметтер келтіріп, сипаттады. Жиналыстан ата-аналар жақсы  әсер алғандығын тебірене жеткізіп, осындай дін өкілдері қатысатын жиналыстарды көбейтуді өтінді. Ұрпағымыз мұсылман, Қазақ елінің жанкүйері болуды нәсіп еткей я, Алла!

Аудандық «Қордай» мешітінің

Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: