Ақпараттық насихат тобы Меркі жерінде

Ақпараттық насихат тобы Меркі жерінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі дүрбелең заман кімді болса да мазалап тұрғанына куәгер болдық. Соның бір айғағы ауданымызға облыс орталығынан бір топ мемлекеттік және дін қызметкерлері, облыс діни депортамент бөлім басшысы Байбатшаева Сәуле, ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Жұмабаев Данияр, ҚМДБ жастармен жұмыс істеу бөлімінің өкілі Аманбаев Ержан келіп, аудан жұртшылығымен кездесулер ұйымдастырды.

Аудан орталығындағы жастар «Үміт сарайы» 19-шы ақпан күні сағат 11:00 де өткен ауқымды жиынға аудан, ауыл әкімшіліктерінің қызметкерлері, мектеп ұстаздары, колледж шәкірттері, ауданға қарасты ауыл имам-молдалары түгелдей қатысты.

Жиынды облыс діни депортаменттің бөлім басшысы Байбатшаева Сәуле ашып, жиынның негізгі тақырыбы Ислам дінінің  құндылықтарын халыққа жеткізу екендігін айтып, облыстың өкіл имамы Жұмабаев Данияр бауырымызға сөз кезегін берді. Облыс  имамы жиналған қауымға қайырылып, Ислам дінінің құндылықтары, адам баласының  адаспауы үшін не істеу керектігін жеткізді.

Өз сөзінде «бізді мазалап жүрген үлкен дерт, арамызда үй ішінен үй тігіп жүрген бауырларымыз бізді қатты қынжылтады. Ең сорақысы бауырларымыздың өз ата-аналары, бірге туған бауырлары, туған-туыстарына қарсы шығып, сан ғасырлар бойы жалғасын тауып келген ата салт-дәстүрімізді жоққа шығарды. Мұндай дерттің алдын алу керек. Барлығымыз отбасы, мемлекет, дін қызметкерлері болып, бірге күресу қажет.» деді. ҚМДБ-ның жастармен жұмыс істеу бөлімінің өкілі Аманбаев Ержан сөз жалғастырып, ата-ана, жанұя, бала тәрбиесі, үйлену тақырыбында шариғи тұрғыдағы көзқарас туралы айтты.  Соңғы жиын аудандық «Меркі-ата» мешітінде , бесін намазының алдында жамағат арсында өтті. Жиынға разы болған қауым өз сауалдарын қойды. Жиын сондай тартымды өтті.

«Меркі-ата» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: