Ақпарат насихат тобы Құланда

Ақпарат насихат тобы Құланда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылна  ҚМДБ жанынан құралған ақпарат насихат тобы келді. топ құрамында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Д.Ә. Жұмабаев және ҚМДБ-ның  жастармен жұмыс бөлімінің Жамбыл облысы бойынша өқілі Е.М. Аманбаев бар.

    Аудандық әкімшіліктің акт залында өткен кездесуде алдымен сөз алған ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Жұмабаев Данияр қари  Бүгінгі таңда Қасиетті де хақ дініміз – Исламды уағыздаушы әрбір адам және Тәуелсіз еліміздің қамын ойлаған әрбір ұлтжанды азаматтың басты мақсаты бірлік, ынтымақ, сүйіспеншілік пен өзара татулықты орнату болуы керек.

    Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан бейхабар кейбір жастарымыз жат ағымдардың жетегінде кетіп жатқандығы, дәстүрлі емес діни топтардың таралуына тосқауыл қою және діни сауаттылықты арттыру бағытында жастармен жұмыс жүргізуде, дін өкілдері ғана емес жалпы қоғам болып атсалысу керектігін айтып өтті.

   ҚМДБ-ның  жастармен жұмыс бөлімінің Жамбыл облысы бойынша өқілі Аманбаев Ержан, Діндегі ғылымның алатын орнына кеңінен тоқталып, діни сауатсыздықпен күресудің бірден бір жолы ілімде екендігін айтып, өсіп келе жатқан жастарымыз, елдің келешегі үшін арнайы оқу орындарында білім алу керектігі және жергілікті мешіттерде сауат ашуға мүмкіндіктің бар екендігін тағы бір мәрте баса айтты.

    Кездесу одан әрі Құлан ауылының  орталық «Сұлтан» мешітінде жалғасып,   Мұндай уағыз-насихаттардың аулдағы кісілер үшін қаншалықты маңызды екені олардың зейін қойып тыңдауларынан аңғарылды. Сауабы мол, ұғымы терең, ынтымақ пен бірлікке жетелейтін мұндай насихаттың сусынынан нәр алған халық осындай шаралар жиі болып тұрса деген тілектерін жасырмады.

 

Әскери зейнеткер Әбілда Мейірханов

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: