Аудан әкім ақпараттық насихат тобын қабылдады.

Аудан әкім ақпараттық насихат тобын қабылдады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасы бойынша барлық аймақтарда қазіргі діни ахуал туралы жан-жақты мәлімет беріп, дәстүрлі дініміздің мән-жайын түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихат тобы құрылған болатын.

    Осыған орай аптаның екінші күні Шу ауданына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, қари Данияр Жұмабаев пен ҚМДБ-ның жалпы жастар бөлімінің маманы Ержан Аманбаев  ат басын бұрған болатын.

Келген құрметті меймандарды Шу ауданының әкімі Бақытжан Балтабекұлы Нұркенов қабылдады. Қабылдау барысында Данияр Әлимұхамедұлы  мүфти-хазіреттің ыстық сәлемін жеткізіп,  аудандағы діни ахуалға оң баға берді. Жоғарыда атап өткендей АНТ мүшелері Шу өңіріне келгендегі мақсатын баяндап,  аудан  халқымен жүздесетінің жеткізді.

   Жылы жүздесуден соң АНТ мүшелері межелеген кездесулерге  бағыт алды.

 

Шу ауданы, Төле би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: