Қордайдағы Ақпарат Насихат Тобының жұмысының бір күндік көрінісі

Қордайдағы Ақпарат Насихат Тобының жұмысының бір күндік көрінісі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына ҚМДБ тарапынан құрылған ақпарат насихат тобы (АНТ) ат басын тіреді. Топ құрамында  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Д.Ә.Жұмабаев және ҚМДБ-ның жалпы және жастармен жұмыс бөлімінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Е.М.Аманбаев бар. АНТ мүшелері бірінші кездесулерін аудан орталығында орналасқан «Береке» колледжінде өткізді. Кездесу барысында өкіл имам Д.Ә.Жұмабаев мырза  жастарды білім алуға шақырып, еліміздегі тұрақтылықты  терең бағалап, ой түзуге шақырып, индивидтік ой санадан арылып өзгелерді де ойлауға шақырып ұлы аталарымыздың «Өзге деген өсет, өзім деген өшет» деген ұлағатты сөзін үлгі етті, қоғамның  құндылықтарымен санасып, ел үшін,  жер үшін  адал қызмет етуге шақырды. 

Ержан Маханұлы өз сөзінде жастарды адамның ең басты құндылығы уақытты дұрыс пайдалануға, оны ұтымды пайдалануға шақырда. Келесу кездесу нүктесі ол рухани орталық аудандық «Қордай» мешіті болды. Мешітке аудан бойынша имам-молдалар және тұрақты жамағаттар жиналды. Жамағат алдында облыс имамы Д.Жұмабаев  мұсылмандар бірлігі жайлы әсерлі уағыз  айтып, ҚМДБ-ның  2013 жылы атқарған жұмысы жайлы есебін беріп, АНТ-ның негізгі мақсаттарын түсіндіріп өтті. АНТ-ның келесі  кездесуі  Қордай ауданының әкімшілігінде өтті. АНТ мүшелері Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Жамангөзевпен жүздесіп, ауданымыздағы діни ахуал жайлы біраз сөз қозғап өтті. Кездесу барысы мектеп директорларының орынбасарлары, аудандық мекеме басшылары және БАҚ құралдары бас қосқан жиналыспен жалғасты.

Жиналыс барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Д.Ә.Жұмабаев теріс ағымдардың зияны жайлы сөз қозғап, олардың елге тигізіп жатқан зияндарын сипаттап өтті. Өкіл имам сөзін ҚМДБ-ның жалпы және жастармен жұмыс бөлімінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Е.М.Аманбаев жалғастырып, балалар тәрбиесі жайлы сөз қозғап, орамал таққан  қызбен, сақал қойған ұлдың барлығы лаңкес емес екендігін түсіндіріп, олармен психологиялық және діни тұрғыдан кәсіби жұмыс істеу қажеттігін айтып өтті. Исламдағы қыз баланың рөлін сипаттап өтті.

Бұл тек АНТ-ның  бірақ күндік жұмысы, АНТ жалпы ҚМДБ қызметкерлері қаншама жұмыс атқарылып жатыр, Алла қаласа әлі қаншама алар асу  бар. Дінге қызмет осындай  қарқынды  түре жүріп тұруды нәсіп еткей Я, әлемдердің Раббысы!

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешітінің

наиб имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: