Дені саудың – жаны сау деп аталарамыз айтқандай дені сау ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Осыған орай Тараз «Парасат» колледжі және ҚМДБ-ның Жалпы және жастар бөлімінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Аманбаев Ержанның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге арнайы Жамбыл облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері» орталығының қызметкері Гүлзира Бекболатқызы қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің дайындап келген баяндамаларын оқыды. Өз баяндамасында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жалпы және жастар бөлімінің өкілі Аманбаев Ержан: «Құран Кәрімде Алла тағала: Әй иман келтіргендер, ризықтарымыздың адалынан жеңдер» деп әмір еткен және тек адал астан жеуімізді міндеттеген. Сондай-ақ тазалық – денсаулық кепілі болғандықтан, асыл дініміз тазалыққа қатты мән берген, тіпті хадисте: «Тазалық – иманның жартысы» деп Сүйікті Пайғамбарымыз бекер айтпаған деп сөзін түйіндеді.

- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 9900
Дені сау ұрпақ – ертеңгі болашағымыз
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
