Қордай еліндегі мәулід

Қордай еліндегі мәулід

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Міне бүгін, күллі мұсылман  жұртшылығы атап өтетін мәулід мерекесі киелі Қордай жеріне де жетті. Мәулід мерекесіне мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты жылдағыдай бар ынта жігерімен, жан тәнімен ат салысып  дайындалып,  бүгінгі күні соның жемісін көруде. Дайындық барысын атап айтсақ, ең әуелі екі жұма қатарынан жұма уағыздарында мәулід мерекесінің маңызы жайлы және ардақты елші Мұхаммед (с.ғ.с) өмірі жайлы  мешіт имамдары уағыздар айтты.  Мәулід мерекесінің маңызы мен Пайғамбарымыздың өмірі жайлы аудандық «Қордай шамшырағы» және «Кордайский маяк» газеттерінің  11-12 нөмірлерінде және «Кәсіпкер жаршысы» газетінің  3 нөмерінде аудан бас имамы Ә.Шалбайдың «Мәулід мерекесі» атты кең көлемді мақаласы жарық көрді. Аудандық мекеме басшыларына, кәсіпорын жетекшілеріне, кәсіпкерлерге, жамағат мүшеріне «Мәуліт құтты болсын» деген ашық хаттармен, мерекелік іс-шараға шақыру хаттары таратылды.  

 

Қоғамдық орындарында, оқу орындарда, сауда нүктелерінде «Мәулід құтты болсын» құттықтау  плакаттары ілініп, мереке жайлы халық алдын-ала  құлақдар етілді. Ауылдық округ әкімдерімен келісе отырып және ауылдық имамдарға тапсырма беріліп әр ауылдан 15 қонақ шақырылды. Аталмыш  іс-шаралар  өз нәтижесін беріп, аудандық Мәдениет үйіне белгіленген уақытта халық ағылып, зал  тола бастады. Мерекелік іс-шара қасиетті Құран аяттарының оқылуымен басталды. Қордай ауданы әкімінің м.а Қуат Рашханұлы Иманалиев жиналған жамағатты, мәулід мерекесімен құттықтап, мәулід мерекесінің маңызы жайлы сөз қозғады. Келесі сөз кезегі ауданымыздың бас имамы Әбдужалил Шалбайға беріліп, өз сөзінде  ардақты елші Мұхаммед (с.ғ.с) дара тұлғасы мен  сара жолы жайлы әсерлі уағыз айтты. Мерекелік сахнаға арнайы шақырылған «Асыл мұра» өнер орталығының жасампаздары шығып, өз өнерлерін көрсетіп, халық ризалығына қауышты.  Атап айтсақ «Сараң мен Жомарт» көрінісі халық ілтипатына ерекше бөленді. Аталмыш өнер орталығының «Мұхаммед (с.ғ.с)  соңғы пайғамбар» бейне ролигі көрсетілді.

Астанадан арнайы түрде мұсылман жамағаты сүйіп тыңдайтын, әйгілі әнші Құрмаш Махан Қордай жеріндегі мәулід мерекесіне ат басын тіреп, өзінің илаһи өлеңдерімен жұртшылықты тебірентті. Қордай елінің бас сахнасында Құрмаш Махан «Алланың 99 есімі», «мейірімді болайық» атты өлеңдерін шырқады.

Қасиетті Құранда  «Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер». (Ахзап, 56) деген Раббымыздың бұйрығын орындай отыра арнайы шақырылған қарилар мәулід оқыды.

Қордай жерінің тумасы  Күміскүл Егіншіқызы арнайы мәулідке арналған өз қаламынан шыққан туындысын, жамағат назарына ұсынып, қошеметке бөленді.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, аудан әкімшілігінің қолдауымен, аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен  осы мерекеге бір бұқа сойылып, «Тамаша» мейрамханасына 300-ге жуық адамға кең-мол дастархан жайылды. Дастархан басы қазақи салтпен Құран оқылып, ақсақалдардың ақ батасымен басталды. Дәмдес халықты  өз разылығын ұйымдастырушыларға, демеушілерге білдіріп, ақ батасын беріп жатты.Аудандық мәслихат хатшысы Біржан Әбдікерімұлы Әлімбет жиналған жамағатты мәулітпен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.Міне, осындай керемет жағдайда Қордай ауданы мәулід мерекесін атап өтті.

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешітінің

наиб имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: