Ауыл мәуліт күнін атап өтті

Ауыл мәуліт күнін атап өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу  Бірлікүстем  ауылы тұрғындары, ауыл орталығында орналасқан Мәдениет үйіне таңертенгі сағат 10 – нан жыйнала бастады. Ел бұрыннан құлақтанып алған, бүгін пайғамбарымыз Мұхаммад с.ғ.с. туған Мәуліт күніне арнайы ұйымдастырылған бас қосу болатынын біліп келіп жатыр қарияларымызда, жастарымызда.

         Алдымен айтарымыз Мәуліт дегеніміз не?

         Мәуліт дегеніміз туылған күн дегенді білдіреді.

         Адам заттың асылы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) Рабиул-әууел айы, дүйсенбі күні 571 жылы дүниеге келген.

         Маулітті атап өтудің негізінде пайғамбарға деген сүйіспеншілік        жатыр.

         .Бұл айда мешіттерде пайғамбарымызға(с.ғ.с)көбірек салауат айтып сәлем жолдаудың сауабы өте зор.

 Құранда ағзаб сүресі 36-шы аятында былай деген.

Шынындада Алла мен оның періштелері пайғамбарға салауат жолдайды.

Ей иман келтіргендер сендерде оған шын жүрекпен салауат айтып сәлем жолдандар деп айтылған.Шынында біз мұсылманбыз сүйікті пацғамбарымызды естен шығармай әр уақытта салауат айтып жүру біздің парызымыз деп білуіміз керек.

         Ауылымыздың жас имамы Медет Нәрікбай ұлы  келгелі бір жарым жылда арамызға өз баламыздай сіңіп кетті.Келген күннен бастап жас балаларға көңіл бөліп,оларға білім үйрете бастады.Ал жұма намаздың сауабы мол екенін көбіміз біле бермейміз,білсеңте оған мән беріп салғырт қарайтынбыз.Міне осы жөнінде имам уағызды көпшілікке жеткізе білгенін арқасында,мешітке жамағаттар көп жинала бастады.

         Пайғамбарымыздың(с.ғ.с)туған күні мерекесіне арнайы Шымкент қаласының «Асыл мұра» шығармашылық тобының жастары келіп бірнеше қойылымдар көрсетіп, діни әндер орындаса аудандық Төлеби мешітінің шәкірттері Мәуліт шәрифті қазақша оқып жиналған көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.ал ауылымыздың шәкірттері пайғанбар хадистерін және Абайдың қара сөздерінен оқыды.Ауылымыздың жамағаты рухани жағынан ләззат алды.

         Шу ауданының бас имамы Дыбысұлы Аят ауыл имамдарымен бірге қатысты.Артынан келген жамағатқа ас тарқатылды.

         Бұған қосып айтарымыз Аллаға деген сенім әр жүректе болсын, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көрсетіп кеткен жолынан адаспай жүреиік еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын. ӘМИН

        

         Бірлікүстем ауылының ақсақалдар төрағасы. Смаилов А.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: