Мәуліт кеші

Мәуліт кеші

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биыл ауданымызда «Мәуліт» мерекесі ерекше аталып өтілуде. Мәуліт мерекесін дәрітейтін ақпараттар,мәліметтер,мақалалар 15 күн бұрын дайындалып, жергілікті газет беттерінде жарық көрді.Мақалада Мәуліт мерекесінің мән-мағынасын түсіндіретін мәліметтер көрсетілді. Қазіргі кездегі хабарландырудың ең озық түрі-сыртқы жарнаманың пайдасы мол.Осындай озық нәрселерді пайдаланып жергілікті әкімшілік өкілдерімен келісе отырып Құлан ауылының Жібек жолы көшесінің 2 жерінде «Қош келдің Мәуліт » деген жазулармен құттықтау сөздері ілініп тұрды.


Қасиетті жұма күні Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы «Аудандық Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарлардың сұлтаны Мұхаммед (с.ғ.с)-ның дүниеге келген күні Мәуліт мерекесі аталып өтті.


Мәуліт мерексіне арналған жиын Тереңөзек ауылының имамы Дадабаев Тілеужанның құран оқуымен ашылды. Аудандық ішкі саясат Жамалбеков Нұрдәулет Мәуліт мерексіне орай ұйымдастырған бұл кешке жиылған жамағаттын мерекесімен құттықтап сөз сөйледі. «Аудандық Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы жұртшылықты Мәуліт мерексімен шын жүректен құттықтап , Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның ислам дінің таратудағы басынан кешкен жағдайларын, өмір тарихы мен өнегелі жолы жайлы айтылған уағызы жиылған қөпшілікті бір тебірентті. Арабша мәулітті Жарлысу ауылы «Мұрат баба» мешітнің имамы Тасболатов Жарқынбек оқыды. Мереке барысында «Асыл мұра» өнерпаздары Тәубе, Шын дос, атты имандылық туралы сәтті қойылымдарын көрсетіп, жүректен шығып, жүрекке жеткен әсем әндерін сыйлады.

Олардан өзіміздің аудан дарындылары да қалыспай, мерекенің әсерлі өтуіне үлестерін қосты. Мектеп оқушысы Сейсенбай Сабыр «Аққа құдай жақ па екен?» өлеңді келістіре оқуын осылай бағалауға болады. Мәслихат депутаты Дайрабаев Жигули ағамыз мағыналы қортынды сөз сөйлеп мәуліт кешін ұйымдастырған бас имам Сұлтаншәріп қажыға алғысын білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша биылғы Мәуліт мерекесі Аудандық М Өзбеков атындағы мәдениет үйінде ерекше есте қалатындай тартымды да тағлымды өтті.


Мәдениет үйіндегі мереке соңында имамдар Мәуліт туралы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні туралы жырлар оқып, жиналған көшілікке тегін дисклер, кітаптар тарақатып тарасты.
Осы күні Шаңырақ» мейрамханасында Мәуліт күніне арналып ас берілді, бас имам Сұлтаншәріп қажы уағыз айтып, құран оқылды.

Т.Рысқұлов ауданы Мейірханов Әбілда әскери зейнеткер

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: