Әр ұлт өкілдеріне дастархан жайылды

Әр ұлт өкілдеріне дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылмандардың қасиетті меркесінің бірі, күллі ғаламның рахметіне жіберілген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келген мүбарак күнін еске алу, күллі мұсылман жұртының салауат айтар сәті. Осы мәуліт айы.

Бұл мерекені ұлықтау тәуелсіз еліміздің де дәстүріне айналған. Қонақжай, мейман көңіл бабаларымыз тау сағалап, өзен жағалап, мал бағып, көшіп-қонып, жүрегінде де, бір ортада бас қосып, ауызбіршілік, ынтымақты сақтай отырып, ай бойы мәуліт меркесін атап өткен. Оның дәлелі ана тілімізде өлен түрінде ұйқасқа түсіріліп хатқа жазылған салауаттар. Бүгінгі таңда біз сол қасиетті салттың алтын арқауын үзбей, көркін асырып, кең көлемде, ауқымды түрде атап өту баршамыздың міндеті деп білеміз.

Міне ай бұрын дайындалып, асыға күткен жылына бір рет келетін қасиетті мерекенің құрметіне орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінде мәуліт оқылып, соңынан облыста жасап жатқан диаспора ұлт өкілдеріне ақ дастархан жайылып, ас берілді. Қонақтар қатарында, Татар, Өзбек, Тәжік, Ұйғыр, Түрік, Сібе қатарлы ұлт өкілдері болды.

Бұл жайылған ақ дастархан басында сөз алған, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қажы келген ұлт өкілдеріне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің мерекелік ыстық сәлемін жеткізе келе, осы мерекені атап өтуге қарсылық білдіріп, халыққа теріс үгіт таратып жүрген кері топтардың алдын алу жалпыға ортақ міндет екенін, бұл мереке татулық пен ынтымақтың ұйтқысы екенін айтты. Бір Аллаға сиынып, бір Қүранды оқыған мұсылман баласының етене туыс-бауыр екенін, олай болса Пайғамбардың сүннеті де мейірімділік пен татулық. Ал осы мерекені атап бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлау имандылықтың негізі.

Ислам ынтымаққа, татулыққа, ауызбіршілікке, бауырмалдыққа құрылған асыл дін. Сол үшін ұлтқа, ұлысқа бөлініп, ұрыс-керіс шығару мұсылманға жат әдеп. Дініміз тыныштық пен бейбітшілік бар жерде көркейеді, сіздердің келген қадамдарыңызды Алла сауаптан жазсын деп, ағынан ақтарылып қонақтарға қошемет көрсетіліп, сый-сияпат тарту етілді. Айта кетер тағы бір жай осы дастарханды ұйымдастырып, әр ұлт өкілдерінің басын қосқан, «Һибатулла Тарази» мешітінің іс-басқарушысы Х.Қожахметовке және де өзге имамдарға алғысымыз шексіз.

Көгедай Шамерхан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: