Қасиетті мерекенің құрметіне қайырымдылық жасалды

Қасиетті мерекенің құрметіне қайырымдылық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің имамдарының ұйымдастыруымен Қастерлі Мәуліт мерекесінің құрметіне мұқтаж жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында 17 отбасыға, күнделікті тұрмыста тұтынатын азық-түліктер ұн, күріш, май, қант, макарон, шәй т.б. тарту етілді. Аталмыш шараға қаржылай көмек қолын созған кәсіпкер азаматтар есімдерін жария етпеуді ұсынып, берген дүниелерімізді міндет санамаймыз, бұл біздің отбасымыздың табысының садақасы деп өз ойларын айтты.

Өкіл имам Жұмабаев Данияр қажы кәсіпкер азаматтарға шексіз риясыз алғысын білдіріп, өткен ата-бабаларына дұға жасап, жылына бір келетін Мәуліттің мұсылман баласының өміріндегі маңызын түсіндіріп, Қасиетті Құранда Алла Тағала құлдарына «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни ақыретте де тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» (Хаж сүресі, 77 аят) деген. Сол үшін мұсылман баласының бір-біріне көмек-жәрдем жасауының сауабы мол. Садақа беруден мал-мүлік азаймайды, қайта Алла сол жақсылық жасаушы пенденің нығметін көбейтіп, беделін арттырады. Баршаларыңызды осы Мәуліт меркесімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға Алланың нұры жаусын деген ақ тілегін білдірді.           

 

Көгедай Шамерхан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: