Бір арнада бас қосып білім үшін құлшыныс

Бір арнада бас қосып білім үшін құлшыныс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білімді талап етер осы бір ұшқан құстай дамыған заманда, әр өз қалауы бойынша білім алуға міндетті. Себебі адам баласының санасына сәуле қонбаса жыртқышқа айналған болар еді.

Ал осы қоғамды  дінсіз елестету қиынның қиыны. Бұл жерде айтып отырғанымыз бабалардан қалған асыл дініміз исламды меңзеп отырмыз. Неге деген сұрақ туындауы мүмкін, себебі дінге мойынсұнып, шынайы жүрегімен жаратушы Аллаға бас иіп сәжде қылған жан жамандықтан бойын аулақ ұстайды. Намаз мұсылман баласының ұлы ғибадаты.

Енді дін туралы танымын тереңдетіп мағұлмат алуға ниеттенген жастарға еліміздің барлық мешіт медреселерінің есігі айқара ашық. Осы сөзімізді нақтылап айтсақ. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде бес айлық сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Қазір осы курста 50 ге жуық адам білім алуда. Осы курсты жетекші болып ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Жұмабаев Данияр қажы бастап отыр.

Әр күні бір сағат сабақ өтіледі. Өтілетін сабақ түрлері, Құран әліппелік сауат, Мазхабтар тарихы, Ақида,  Фиқһ  бойынша сабақ беріледі. Арнайы білікті ұстаздар дәріс беруде. Осы бес айлық курсты жақсы оқып, нәтиже көрсеткен азаматтарға арнайы мешіт тарапынан куәлік беріледі. Бұл курсқа студент жастар, қызметкерлер, кәсіпкер азаматтарда келіп білім алуда. Білім ортақ қазына әркім өз үлесін алуға мүдделі.

                                                                                       Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: