Қордай ауданының діни ұйымдармен байланыс комиссиясының кезекті отырысы

Қордай ауданының діни ұйымдармен байланыс комиссиясының кезекті отырысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кордай ауданының әкімшілігінің мәжіліс залында діни ұйымдармен байланыс комиссиясының жылдық қорытынды жиналысы болды. Жиналыс облыстық дін істері басқармасының бастығы С.Айдапкелов, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Т. Жамангөзөв, Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай, «Святой Георгий» шіркеуінің жетекшісі В. Козиков, аудан бойынша имамдар және ауылдық округ әкімдері қатысты. Бірінші болып баяндамаға ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Б.Ыбышева шықты. Б.Ыбышева аудандағы діни ахуалға тоқталып, жалпы сипаттап өтті. ҰҚК қызметкері М.Анарқұлов өз баяндамасында діни экстремизмге қарсы күрес жайлы сөз қозғап, арнайы құрылған мемлекеттік органдардың өкілеттілігін ашықтап өтті.

Келесі болып сөз кезегі Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбайға берілді. Ә.Шалбай өз баяндамасында аудан бойынша мешіт қызметкерлерінің атқарған шаруаларына тоқталып, Масаншы, Сортөбе ауылдарындағы жастардың діни білім алуға шет елдерге шығып кеткендіктері сияқты өзекті мәселелерді көтеріп, осы сияқты түйткілді мәселелерді көтерді.

Ә.Шалбайға ауыл әкімдері тарапынан түрлі сұрақтар қойылды. Сұрақтарға бас имам Ә.Шалбай мардымды жауаптар қайтарды. Жиналыс барысын дін істер басқармасының бастығы С.Ө.Айдапкелов жалғастырды. Өз сөзінде Айдапкелов мырза облыстағы діни жағдайға «тұрақты» деген баға беріп, кейбір мәселерге жете тоқталды. Мысалға келтірер болсақ, кейбір мешіттердің құжаттарының жоқтығын сөз етіп, мұндай мешіттер мәжбүрлі түрде жабылатындығын ескертті. «Салафия» ағымының зияны және жалпы шет елден келген миссионерлердің зиянын сөз етті. С.Ө. Айдапкеловтың көтерген тағы бір өзекті мәселесі ол халықтың Евангелиендіру саясаты қатты жүріп жатқандығын айтты. Осығанда құзырлы органдардың назхар аудару қажеттігін ескертті. Осы мәжілісте комиссияның 2014 жылға жұмыс жоспары бекітіліп, комисия мүшелері тарқасты.


Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: