Жаңа әкім алғаш қадамын мешіттен бастады

Жаңа әкім алғаш қадамын мешіттен бастады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хасан әл-Басри өзінің сөзінде ел билеушілер жайында: «Олар (басшылар) біздің бес түрлі бағытта басшымыз және қорғанымыз: жұма намазына, жамағатымызға (яғни қоғамымызға), мереке-айтымызға, мемлекет шекарасының қауіпсіздігіне және қоғам ішіндегі тәртіпке. Алламен ант етемін, дін аман тұруы үшін елбасы қажет. Тіпті, өктемдік етсе де. Алламен ант етемін, олардың өктемдіктерінен елге игілігі өте көп. Сондай-ақ, елбасына бойұсыну құптарлық іс. Ал, елбасын тыңдамау Алланың берген нығметін қадірлемеу болып табылады»,-деген.

Алланың атымен басталған әрбір істе қайыр барын мұсылман баласы жақсы біледі. Себебі құлдың басшы, басшының құл болуы, бардың жоқ, жоқтың бар болуы да бір Алланың қалауымен болмақ, деген даналар өсиетін есте сақтаған, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы жарлығымен Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалған Кәрім Насбекұлы Көкрекбаев Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне Жұма намазына қатысып, жамағатпен жүздесіп өткен ата-бабалар әруағына дұға жасап, алғашқы жаңа әкім қызметін мешіттен бастады.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы жаңа әкімнің қызметіне сәттілік тілеп, адал басшы туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқан хадистерінен мысал келтіріп, облыстың бұрыңғы әкімі Бозымбаев Қанат Алдабергенұлының дініміздің жанашыры болып, көптеген игілікті істердің жүзеге асуына көмек қолын созған болатын, жаңа әкімнен де күтеріміз көп, Алла баршамызға бақ-береке, ауызбіршілік, ынтымақ берсін деп дұға жасады.

Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: