Хазрет мүфти Ержан қажы Малғажаұлының кітабымен таныстыру

Хазрет мүфти Ержан қажы Малғажаұлының кітабымен таныстыру

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаға шүкір, еліміз егемендігін алғалы етек-жеңімізді жиып, рухани дүниелеріміз түгенделуде. Ұлттығымыздың негізгі белгілері – дініміз бен діліміз, тіліміз қайта түлеп, жаңғыра бастады. Бұл ең әуелі Ұлы Жаратушы Аллаһ тағаланың бізге деген сыйы деп ұғынуға тиіспіз.

Жалпы, ертеректегі ғұлама-ғалымдардың пайымдауынша, ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің болу қажеттілігі айтылады. Олар: діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Сондай-ақ, әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі тағы бар.


Қазақ халқының ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрыптары Ислам дінімен тығыз байланысты. Дін мен ділдің, салт-сана мен шариғи ғұрыптардың өзара астасуы елдің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз қалайды.
Т.Рысқұлов ауданы орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы аудан жамағатын мешітке жинап, бас мүфти Ержан қажы Малғажаұлының жаңадан жарық көрген «Дін мен Дәстүр» кітабымен таңыстырды.
Кітапта дәстүрдің діндегі орны, ислам діні мен салт –дәстүріміздің тығыз байланысы жазылған . Сонымен қатар мақал – мәтелдердін және тағы басқа дәстүріміздін де пайғамбарымыз с.ғ.с хадистерімен сәйкес келетіндігі толық жазылған.


Демек, салт-дәстүрімізді халық болып ойдағыдай ретке келтіру керек сияқты. Әйтпесе, болашақ ұрпақ алдында айыпты болып қалатындаймыз. Қазақта «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», – дейді дана халқымыз. Ұл әкесіне, қыз анасына қарап өседі. Сондықтан ата-ана әдеп-ахылаққа, мінез-құлықта, діндарлықта, басқалармен қарым-қатынаста перзентіне үлгі болуы қажет. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демей ме ? Сондықтан, бірінші болып ата-ана перзентінің бойынан жақсы қасиеттердің табылуына жауапты. Ал, бұл жауапкершілік ұмытылса, адамзаттың болашағына қиянат жасалып имандылық, инабаттылық сияқты қасиеттер де ұмытылады.
Халқымыз: «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар», – деген. Сондықтан, дәстүрдің тозығынан арылып, озығына ұмтылу уақыт талабы.

Әбілда Мейірханов әскери зейнеткер Т. Рысқұлов ауданы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: