Діни экстремизм – ғасыр індеті

Діни экстремизм – ғасыр індеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біз бұл тақырыпты неге қозғадық. Себебі Күллі ғаламды жоқтан бар еткен Алланың бұйырығына қиғаш келіп, асыл дініміздің діңіне балта ұрмақ болып сұқтанған батыраштардың кесірінен, адамзат баласына төнген қатер аз емес. Ғаламның рахметіне жіберілген Әз Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с)-ның сүннетін орындаудың орынына, күдік күмән келтірген жанға не уәж айтасың?

Тәуелсіздігімізді алып, оңымыз бен солымыз теңелген шақта, ортамызда дін атын жамылып «Қой терісін жамылған қасқыр» секілді қу құлқынның қамы үшін, өзгенің сойылын соғып, дәріптегендерді айтыңыз. Ал осындай топтарға қарсы тұруға жалпымыз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына итереміз. Сонда бір басқарма ғана қарсы тұру керек пе? Қалған мыңдаған басқарма ұйқысынан қашан оянбақ?! Екінің бірі имамды, молданы сындауға әуес. Неге біз көше кезіп лаң салып жүрген бүлікші азғын топтарға қарсы тұруға құлықсыз халдеміз.

Міне, жоғарыда айтылған ойларымыздың жауабына тұрарлық жиналыстар өткізіліп түрлі талқылар өрістетілуде. Жамбыл облысы Политехникалық колледжінің оқу залында облыстық дін істері басқармасының ұйтқы болуымен «Діни экстремизм – ғасыр індеті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге Жамбыл облыстық заң орнының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының мамандары, жастар саясат орталығы, дін істері департаментінің басшылары, аудандық-ауылдық елді мекендердегі құқық бұзушылыққа қарсы тұру ұйымының мүшелері, жоғары оқу орындарында сабақ беретін дінтанушы мамандармен қоса ұлағатты ұстаздар тобы қатынасты.

Аталмыш шарада, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы, Жұмабаев Данияр қажы сөз кезегінде, үш түрлі ұсыныс айтты. «Бірінші: Ғасыр індеті – Сәләфизм, осы ағымының жетегінде жүрген азаматтардың өкілдері мен арнайы орындар кеңесіп көрсе, не мақсатта жүргенін білу үшін толық зерттеу алып барылса. Екінші: Таблиғ жамағаты да жат ағымдардың жолына түсушілердің санын молайтуда, оларға заңның арнайы үкімімен тиым салынса. Үшінші: Жат ағымдардың тудырған зардабы әрбір отбасына дейін қауіп төндіруде, оларға шынайы қарсылық жасалып, жолдарын кесудің тез арада шешімі шығарылса. Бұл ағымдардың кеселі жалпы адамзат баласының үрейі екені жете түсінсек» - деген ойларын жеткізді.

Жиналыста көтерілген ойлар ауызбен айтылды, қағаз бетінде қаралды, енді заң жүзінде шешім қабылдау жоғарғы биліктің еншісінде дегіміз келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Көгедай Шәмерхан

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: