Құрметті отандастар! Сіздерді Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бұл күн – ата-бабамыздың аңсаған арманы еді. Аллаға шүкір, бүгінгі таңда ғаламдағы барлық еңселі мемлекеттермен терезесі тең егеменді ел болдық. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ.
Алла Тағала тәуелсіздігіміздің тұғырын берік, егемендігіміздің еңсесін биік етсін дей отырып, Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін!
Игі тілекпен,
Облыстық «Һибатулла Тарази»
мешітінің Бас имамы, ҚМДБ-ның
Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы
Данияр қажы Әлимұхаммедұлы Жұмабаев