Имам студент жастармен кездесті

Имам студент жастармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті күндізгі педагогика факультетінің «Әлем тілдері» кафедрасының білімгерлері мен қалалық «Әулие-ата» мешітінің бас имамы Ахметжан қажы Керімбектің кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында имам жастарға асыл дініміз – Исламның және оның ішінде дәстүрлі ұстанымымыз Әбу Ханифа мазһабының құндылықтары мен артықшылықтары туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, Ислам дінін қалай дұрыс түсіну керектігі мен иман негіздері және жас кезден алған тәлім-тәрбиенің мән-маңызы жайлы уағыз айтты.


Жиынға қатысқан жастардың орамал тағу, әурет жерлерді жабу, отбасы бірлігі, ата-анаға құрмет және бала тәрбиесі, көркем мінез-құлық, өзара қарым-қатынас т.б. дін тұрғысындағы көптеген сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, кездесуде қазіргі таңда қоғамда жиі орын алып жатқан ерте үйленіп, ажырасулардың жиілеп кеткендігі, дініміздегі некенің тәртібі мен маңыздылығы, ажырасудың себеп-салдары мен алдын-алу жолдары, т.б. да маңызды мәселелер сөз болды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: