Мойынқұм аудандық мешітінде аудан орталығы мен Бірлік ауылдарында жағдайы төмен отбасыларға жомарт жандардың қамқорлығымен қайырымдылық жасалды. Жағдайы төмен 34 отбасыға мешітте жәрдем берілді, дәлірек айтқанда 1қап ұн (елу кг), 1 қап картоп, 1 қап пияз, 1 қап қант, 10 литр сұйық май, 2 пәшке шай, 3 келі кәмпит, 3 келі печенье, 6 келі күріш, 3 келі қарақұмық, 10 келі тауық еті таратылып берілді. Әр адамға шамамен 30000 теңге, жалпы соммасы 1млн теңге көлемінде қаражатты шығарған жомарт жандарға Алланың разылығы мен берекеті болсын! Осындай жүрегі кең, қолы ашық азаматтарға барша жамағат алғысын жаудыруда.




26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

