Бір жылда не тындырдық, не атқардық?

Бір жылда не тындырдық, не атқардық?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкілдігіне қарасты, аудан-қала имамдарының бір жылдық есеп беру көрсеткіші болып өтті.

Бұл дәстүрлі есеп беру жиналысын, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы, Жұмабаев Данияр қажы бастамашылықпен ұйымдастырып отыр. Жиналыс барысында өкіл имам әуелі Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің сәлемін жеткізіп, өңірдегі атқарып жатқан қызметтеріне табыс тіледі.

Есеп беруге 10 аудан, екі қаланың имамдары қатынасты. Имамдар бұл жолы жылдық есепті бүгінгі заман талабына сай электронды нұсқада дайындап әкеліп, Интерактивті тақтада көрсетіп жеке-жеке баяндады. Өкіл имаммен қоса найб имамдары, ҚМДБ- ның «Зекет» қорының өкілі, Ерлан Бөлегеновта болды. Имамдардың жылдық атқарған есебінде мынадай тақырыптар басты назарда талқыланды.

Имамдардың діни мерекелік шараларға атсалысуы.Жағдайы төмен отбасыларға көмек жәрдемі.БАҚ-құралдарында материал жариялауы.Мешітте уағыз-насихат жүргізуі.Киім кию әдептері мен ахлақтары.Елді ынтымаққа шақыра білуі.Жастармен кездесулер өткізу натижелері.Діни басқарманың газет-журналдарына жазылуы.Рамазан айында ауыз ашар берулері, Қадыр түнін атап өтуі.Еліміз бойынша ашылған медреселерге шәкірт даярлауы.Өз қарамағындағы ауыл мешіттеріндегі ахуалдарды тексеріп отыруы. Діни басқарманың бектуі бойынша Жұма уағызын жүргізуі.

Қатарлы тақырыптар кеңінен қозғалып, жұмысы нәтижелері толымсыз болған имамдарды сынға алып ескерту жасалды.

Біз осы есеп берудің маңызы мен мақсатын білу үшін арнайы өкіл имамға сұрақ қойған болатынбыз. Өкіл имам сұрағымызға байланысты, «Бұл есеп беру, жыл бойы атқарылған әр имамның жұмыс көрсеткіш нәтижесі. Еңбек болған соң нәтиже болу керек. Ал дін қызметкерлеріне бүгін талап ауыр, сондықтан біз бұдан басқа уақыттарда да ай сайын имамдардың басын біріктіріп жиналыс өткізіп отырамыз. Бұл жыл есебінде имамдардың жұмысы бағаланып, өз қызметіне бәсекелік қабілеті артады. Әр аудандағы діни ахуалдар сарапқа салынып, артықшылықтар аталып, кемшіліктер талқыланады. Сондықтан бұл жылдық есептің маңызы мен мәні бөлек» деп қайырды. Асыл дініміз үшін аянбай тер төгіп, жоқ пен барға сабырлық танытып, халықтың серкесі болып татулыққа шақырып, ынтымақ бірліктің ұйтқысы болған имамдарымыздың отбасыларына Алланың нұры жаусын дегіміз келеді.

Көгедай Шәмерхан

 

http://fotohost.kz/images/2013/12/10/8jiI4.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: