Бас имам бата берді Барыстарға, Жеңіс болғай үнемі жарыстарда.

Бас имам бата берді Барыстарға, Жеңіс болғай үнемі жарыстарда.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында 7 желтоқсан күні өтетін «Еуразия барысы» турниріне қатынастатын атан жілік атпалы азаматтар, қасиетті Жұма күні ҚМДБ-ның Жамбыл облысыныдағы өкілдігі «Һибатулла-Тарази» мешітіне келіп, Жұма намазына қатынасты. Аталмыш мешіттің бас имамы Жұмабае Данияр қажы Балуандарға сәттілік тілеп, дұға жасап, күреске қатынасудың өзі Пайғамбарымыздың сүннеті екенін түсіндіріп, мұсылман баласының денсаулығын қорғап спортпен шұғылдануының өзі жақсы қасиет екенін жеткізді.

Таразда тұсауы кесілгелі отырған жарыстың даңқы үстем. Өйткені ұлттық күресімізді ұлықтап тек мемлекет ішінде ғана емес, әлемге әйгілеп көрсету болып отыр. Бұл шараны аса жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін осы саланың басы-қасында жүрген азаматтар барынша күш салуда. Жамбыл облысының атқамінерлері де қолдан келгенше көмек көрсетуде. Бір сөзбен айтсақ, бұл күндері ең соңғы даярлық жұмыстары пысықталуда.
«Еуразия барысы» додасына 8 мемлекет қатысады. Олар – Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қытай, Польша, Түркия, Иран және Моңғолия. Бұл жарыстың жүлделік қоры 100 мың АҚШ долларын құрап отыр. Атлмыш додаға Бейбіт Ыстыбаев пен Айбек Нұғымаров алыстан келген алыптармен бір айқасып көрмек. Бұл шара қазақтың күрес өнерін әлемге танытаны анық. Бабаларымыз бас барды иілтіп, тізесі барды бүгілткені тарихта тұрмайма? Ендігі бұл күрес тек қана алысу емес ұлттың денсаулығын, ұлтымыздың елдік қасиетін арттыру. Осы додада Моңғолдан келген балуандардан ғана аз үрей бар, дегенмен бабаларымыз оларды кезінде талай шайқастарда жеңген боласа, бүгін ұрпағы болған қазақтың балалары Алла қолдаса айқсата жеңеді деп сенеміз.

«Еуразия барысы» турниріне қатысатын командалардың құрамы

 

Ресей
60 келі – Сергей Филиппов
70 келі – Андрей Ковалевский
80 келі – Артем Ковалевский
90 келі – Дмитрий Михайлов
+90 келі – Алексей Александров


Түркия
60 келі – Өмір Фарух Өзбай
70 келі – Мұрат Ышык
80 келі – Мұстафа Жошқын
90 келі – Ердал Доған
+90 келі – Бюлент Доған


Польша
60 келі – Кшыштоф Киелбус
70 келі – Себастиан Джаниски
80келі – Лукаш Блач
90 келі – Камил Козловски
+90 келі – Масейдж Сарнаски


Иран
60 келі – Сохбанберді Сафари
70 келі – Хамид Мирзаи
80келі – Мехди Вазари
90 келі – Жафар Юнеси Бордж
+90 келі – Насыр Сахраи Доулатхане


Қытай
60 келі – Ериденгбаолига
70 келі – Ли Чанкунг
80 келі – Иерденг Чаокету
90 келі – Фан Жиан
+90 келі – Ядир


Моңғолия
60 келі – Ганболд Херлен
70 келі – Санжаасурен Миярагша
80 келі – Ган Тувшинжаргал
90 келі – Серік Бәйкемұрат
+90 келі – Сугаржардал Болдпурев


Тәжікстан
60 келі – Ибодулло Әлибердизода
70 келі – Әзизи Бахтиер
80 келі – Зульфикор Одинаев
90 келі – Олимжон Авезов
+90 келі – Зафархон Сайдалимов

Көгедай Шәмерхан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: