Ауыл халқын қуанышқа бөлеген мешіт

Ауыл халқын қуанышқа бөлеген мешіт

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданының Жаңатұрмыс ауылында жаңа мешіт ашылып, ауыл халқын қуанышқа бөледі. «Қожай баба» деп аталатын бұл әсем мешіт сырты ақталып іші айнадай жарқыраған шамдармен безендірілген. Имам бөлмесі, михраб, дәрісханалардан тұратын мешіт 100 адамға арналған. Мешіт ауыл жамағатының көмегімен салынды.


Ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек,Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлатаншәріп қажы, аудан әкімінің орынбасары Әлпеисов Бейсен қатысты. Алғашқы болып облыстың найб имамы Жапек Ғалымбек жиналған жамағатқа Құран кәрім аяттарын оқып. Мешіттің ашылу салтанатына келген көпшілікке мешіт салудың қасиеттерін айтты. аудан әкімінің орынбасары Әлпеисов Бейсен қысқаша сөз сөйлеп, ауыл жамағатың жаңа ашылған мешіттерімен құттықтады.

Салтанатты сәтте дәстүрлі әдіспен лента қиылып, шашу шашылды. Мешіт лентасын облыстық мешіттің найбы Жапек Ғалымбек,аудандық мешітің бас имамы имамы Джадраев Сұлатаншәріп қажы,ауыл ақсақалы Мырзалиев Шайыз қиды. Мешітке оң аяқпен қадам басқан жамағат сәні мен салтанаты келісті ғибадат орнына кірді. Мешіт ішінде Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлатаншәріп қажы жиналған көпшілікке уағыз-.насихат айтып,Жаңа мешітте алғашқы рет бесін намазын жамағатпен оқып бата берді.

Мешіттің ашылу мерекелік дастарханы Меркі ауданы «Тау самалы» дәмханасында жайылды.

Т.Рысқұлов ауданы Ә Мейірханов әскери зейнеткер.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: