Тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарымен өткен дін жайлы жиналыс.

Тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарымен өткен дін жайлы жиналыс.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қордай ауданын бойынша бөлімі және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық әкімшіліктің жиналыс залында аудан бойынша стратегиялық маңызы зор нысандардың қызметкерлеріне арналған жиын өтті. Нақтылап айтсақ, аталмыш жиналысқа «Қордай Газ», «Қордай АЭЖ», «Ақсу Қордай» және «Қазақтелеком» ұжымдары шақырылды. Жиналыста алғашқы болып сөз алған Қордай аудандық ҰҚК бөлімінің маманы А.Жұманалиев Республикадағы дін мәселесіне тоқталып, 90-жылдарда орын алған оқиғаларды еске салып, соңғы үш жылда елді дүрліктірген оқиғалар жайлы тоқталып өтті.

Келесі болып мінберге аудандық «Қордай» мешітінің өкілі, дінтану магистрі Д.Жандосұлы шықты. Д.Жандосұлы өз сөзінде Дін жайлы түсінікке тоқталып, оның ішінде ата дін Ислам жайлы мағлұмат берді. Сөзін жалғастыра келе Д.Жандосұлы елімізде әрекет етіп жүрген дәстүрлі емес діни ағымдарға тоқталып, олардың ерекшеліктерін сипаттап, «псевдо саляфиттер» мен «такфир» ағымының зияндарына тоқталды. «Торғай сойса да, қасапшы сойсын» деген халқымыздың ұлағатты сөзін келтіре отыра Д.Жандосұлы жиналған қауымға діни мәселелері бойынша сұрақтарды тек ҚМДБ өкілдіктері мешіт қызметкерлерінен ғана сұрауға шақырып, діни әдебиетте тек қана ҚМДБ сараптамасынан өткен кітаптарға ғана жүгінуге шақырып, интернет жүйесінде ресми ҚМДБ сайттарын қолдануға шақырды.

Осындай жиындар арқылы еліміздің діни сауатын ашуға мүмкіншілік зор екенін түсіне отырып аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлері білек сыбана жұмыс істеуде.

Аудандық «Қордай»

мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: