Діни экстремизмнің алдын алу.

Діни экстремизмнің алдын алу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы Қаратау қаласында №2 Қаратау клледжі «Діни экстремизмнің алдын алу» атты дөңгелек үстел жүргізілді. Осы дөңгелек үстелді ұйымдастырушы, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі. Төреағалық еткен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Жақсылық.

Дөңгелек үстелге қатысқандар:

Аудан әкімінің орынбасары Дадабаев Серік Ералы ұлы.Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жақсылық Жасөркен Берікұлы.Алиев Нұрсылтан Қалдарханұлы – Талас ауданының «Қаратау» мешітінің бас имамы.Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің іс-жүргізуші, дінтанушы Сыздықбаев Бақдәулет Ерғалиұлы.№2 Қаратау колледжінің директоры Мәдібаев Қанат«Талас тынысы» редакциясының тілшісі Сәбен Қойшыбай.Қала әкімі аппаратының бас маманы Ерік Іргебайов.№2 Қаратау колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қынаша Қуат.

«Қаратау» аудандық мешітінің бас имамы Алиев Нұрсылтан Қалдарханұлы Ислам жайында Ислам діні жайында: Ислам – Иләһи соңғы әрі ілемдік дін. Жер шарын мекендеген алы миллиардқа жуық адамзаттың 1,5 миллиарды мұсылмандар. Кеңес үкімет тұсында дңнге тыйым салынып, Құдай жоқ деп, дініміздің барлық құндылықтарын тұншықтыруға тырысты. Осы 70 жылдық мерзімде дінімізді түсіндіре алатын санаулы ғана жандар болды. 1991 жылдан бастап дінге еркіндік беріліп, Ислам діні қанат жайып келеді. Қазір Қазақ халқының бүгінгі өмір-тұрмысын және болашағын Исламнан тыс қарастыру мүмкін емес.

Бүгінгі дін секілді өте нәзік саладағы тұрақтылыққа төнген сын тегеуріндер мен қатерлер экстремизм түрінде бой көтерді. Идеология, теріс пиғылға үндеу яки лаңкестік әрекеттер арқылы діни экстремизм өзіне жол салып жатыр.

Дәстүрлі – ислам дінімізге қарсы діни экстремизмді жасаудың жолдары көрсетілген және де олардың бәрі біздің басынан бақайшығына дейін радикалданғандар тарапынан барынша бұзылуда. Міне, осы себепті де мұсылмандардың діни сауаттылығын арттыру аса маңызды, қысқасы, кез келген кісі өз ислам дінін жақсы үйрену керек.

Сондықтан да теріс пиғылды ағымдармен күрестегі шешуші фактор надандықты, діни сауатсыздықты жою болып табылады. Осы шартты орындағанда ғана экстремизм мен терроризммен күрес шаралары нәтижелі болады.

Егер игілік істесеңдер, өздерің үшін; Жамандық істесеңдер тағы өздеріңе тән (Исра сүресі,7 аят).

Оразбаев Акбар

Талас ауданы «Қаратау» мешітінің найб имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: