Ашура күнінде Зекет қоры қайырымдылық жасады

Ашура күнінде Зекет қоры қайырымдылық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылманшылықтың жыл басы болып саналған Мұхаррам айының оныншы күні – «Ашура» биыл қараша айының 13-ші жұлдызына сәйкес келгені белгілі. Ашура күні ораза тұту үлкен сауап. Бір күн тұтқан оразаң бір жыл бойы ұстаған оразаға татиды. Сондай-ақ осы айда атқарылған қайырымдылық шараларының сауабы мол екендігі хадистерде айтылған. Сол хадистің бірінде, Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ашура күні түйірдей садақа берген адам Ухуд тауына пара-пар сауапқа кенеледі», - деген екен.

Пайғамбарымыздың осы бір өсиетін басшылыққа алған Зекет қорының Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінде Ашура күніне орай қаламыздағы жағдайы төмен, тұрмысы нашар 30 отбасыға қайырымдылық көрсетті. Әр отбасына 2-3 келі құмшекер, ұн таратылды. Балаларға да кішігірім сыйлықтар берілді. Зекет қорының өкілі Ерлан Бөлегенов келген қонақтарға дастархан жайып, Мұхаррам айы және Ашура күнінің қасиеті турасында уағыз айтты. Жалпы, Зекет қорының облысымызда атқарып жатқан шаруалары аз емес. Алдағы уақытта осындай қайырымдылық шаралары жалғасын табады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: