Меркі ауданында өз жалғасын тауып кездесулер өтуде

Меркі ауданында өз жалғасын тауып кездесулер өтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жеміс-жидек ауылындағы №44 орта мектепте кәзіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған діни экстремизм иен лаңкестіктің алдын алу тақырыбында оқушылар арасында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырған аудандық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі басшылары, Аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманалиев Қамбар, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абашев Еренсіз ұйытқы болды.

Ауданымызда имам-молдалардың қатысуымен мұндай кездесулер аудан және ауыл мектептері мен колледждерде алдын ала дайындалған кесте барысында 10-ныншы кездесу.

Мұндай күрделі мәселені ара-жігін анықтау үшін діни білімі жеткілікті имам-молдалардың аудандық ақпараттық насихат топтар құрылды.

Жоғарыда аталған мектеп жиынына осы топтың жетекшісі, ауданның бас имамы Батырбек қажы қатысты. Батырбек қажы ислам дінінің құндылықтары, ислам дінінің қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы маңызына жан-жақты тоқталды. Түрлі ақпарат құралдарында кері әсерін тигізетін әрекеттерге алып баратын насихаттарға еліктейтін жастарымыздың арасында дәстүрлі діннен ауытқып, солардың жетегінде жүрген бауырымызға өкінеміз. Біздер ол бауырларымызды аластамаймыз, керісінше бауырларымыз ол әрекетке ислам дінінің құндылықтарын жете түсінбей ақ-қарасын ажыратпай ақыл ойға салмауында. Айта кететін жай ата-бабаларымыз бастарынан қандай қиыншылық күндер өткенін тарихтан білеміз. Міне сонда-да ынтымақ бірлікте болып, бөлінбей дініміздің қағидаларынан бекем ұстап, кейінгі ұрпаққа үлгі тұтқан. Алып қарасаңыз, Ислам діні ешқашан зорлық-зомбылыққа үндемейді. Керісінше ынтымақ бірлікке үндейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде «Қолымен де, тілімен де басқаға зиян тигізбеген мұсылман нағыз мұсылман»-деген.

Сондай-ақ бас имам жақында ғана бүкіл әлемді, соның ішінде елімізді күрт сілкіндірген Сириядағы қазақстандық бауырларымыз жайлы ыңғайсыз жайлар әркімді болса мазалайды.

Ислам дінімізді қазіргі таңдағы жаман пиғылда әрекет етушілермен байланыстырмау керектігін жастарға жеткізіп, оқушылардың сауалдарына жауап берді.

Жиын соңында аудан имамы Батырбек қажы осы іс-шараны ұйымдастырушылар мен мектеп ұжымына өз ризашылығын білдірді.

Аудандық «Меркі-ата» мешітнің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: