Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылындағы Абай атындағы орта мектепте жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуде ауыл имамы Исаев Зият қазіргі уақыттағы еліміздегі өз-өзіне қол жұмсау әсіресе жастар арасында көбейіп тұрғанын айтты. Адам өз-өзіне қол жұмсау тығырықтан шығатын жол емес, өмірде алдыдан әртүрлі кедергілер, қиыншылықтар, ауыртпашылықтар кездеседі. Ең бастысы сол ауыртпашылықтарға адам баласы оның ішінде мұсылман адам сабырлықпен, төзімділікпен, шыдамдылықпен қарсы алу керектігін айтты. Ал сабырлық, шыдамдылық, төзімділік жалпы алғанда адами қасиеттерді дініміз Исламнан үйреніп имандылықты бойымызда жинай білуіміз керек деді.

- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 4640
ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУ ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАТЫН ЖОЛ ЕМЕС
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
