Т. Рысқұлов ауданы Мамай ауылында күмбезі көкпен таласқан тағы бір зәулім мешіт есігін айқара ашты

Т. Рысқұлов ауданы Мамай ауылында күмбезі көкпен таласқан тағы бір зәулім мешіт есігін айқара ашты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан еліміз Аллаға шүкір жылдан жылға өркендеп, гулденіп, жарқырап, жақсы жетістіктерге қол жеткізудеміз. Ауданымыз жылда жақсы жетістіктерге жетуде. Дін саласынан айтатын болсақ, жетістіктер көп. Соның ішінде халықтың Алланың алдында орындайтын құлшылық жасайтын рухани да имандылық тірегіміз яғни орталығымыз мешіттерімізде жылда жылға жаңарып яки болмаса күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Міндетті түрде бұл игі істер ауданымыздың бас имамы Джадраев Сұлатншәріп қажының жемісі деп айта аламыз Т. Рысқұлов ауданы Мамай ауылында күмбезі көкпен таласқан тағы бір зәулім мешіт есігін айқара ашты. Ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкіл имамы Жұмабаев Данияр қари,Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлатншәріп қажы, аудандық ішкі саясатының бастығы Джамалбеков Нұрдәулет катысты.

Алғашқы болып облыстың өкіл имамы Жұмабаев Данияр қари жиналған жамағатты ұйытып Құран кәрім аяттарын оқып, бата жасады және мерекеге келген көпшілікке мешіт салудың қасиеттерін айтып, елді имандылықпен сусындатып, жаңа ашылып отырған «Наурызбай баба» мешіті имандылық пен тәрбиелілікке шақыратын қасиетті орын болады және қунаышты күн баршамызға құтты болғай деп игі тілегін білдіріп, ауыл имамы Садуанов Нұрболатқа құран табыс етті.. Сонымен қатар жиналған жамағатқа мешіт салудағы мақсаты елді имандылыққа бастап, жүректеріне татулық пен бірліктің қасиетін қалыптастыру, кейінгі жастарды жат ағымдардан аулақ ұстауды көздеп, рухани ортаға тарту екенін жеткізді Құрылысы биыл басталған, 80 адамға арналып салынған мешіт бүгінде толықтай аяқталып, сауапты да жауапты қызметіне кірісіп кетті.

Салтанатты сәтте дәстүрлі әдіспен лента қиылып, шашу шашылды. Мешіт лентасын Облыс өкіл имамы Жұмабаев Данияр қари қиды. Мешітке оң аяқпен қадам басқан жамағат “Аллаһу әкпар” айтысып, сәні мен салтанаты келісті ғибадат орнына кірді.

Мешіттің ашылу қуанышты мерекелік дастарханы «Наурызбай баба» мешітінің дәмханасында жайылды.

Алланың үйі жаңа мешіттің салынуына осы ауылдың азаматтары Сүлейменов Нұрғиса,Қожамберді қызы Зәкен және тағы басқа кәсіпкерледің демеушілігімен салынды.

Әбілда Мейірханов әскери зейнеткер.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: