Азаматтардың діни – сенім бостандығын қамтамасыз ету және діни экстремизмнің алдын алу.

Азаматтардың діни – сенім бостандығын қамтамасыз ету және діни экстремизмнің алдын алу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданы Қаратау қаласында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде «Азаматтардың діни – сенім бостандығын қамтамасыз ету және діни экстремизмнің алдын алу» атты дөңгелек үстел жүргізілді. Төреағалық еткен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Жақсылық.

Дөңгелек үстелге қатысқандар:

Алиев Нұрсылтан Қалдарханұлы – Талас ауданының «Қаратау» мешітінің бас имамы.Абдибеков Айтолқын Серікқызы – Қаратау қаласы әкімінің орынбасары.Кишкеев Руслан – аудандық әшкә әстер бөлімінің кәмелетке толмағандар әстер жөніндегі бөлімшесінің аға иниспекторы.Досымұлы Бекен – Қаратау қаласы ардагерлер кеңесінің тқрағасы.Муминов Бахтияр Муратович – Талас ауданы прокурорының көмекшісі.Мырзаев Нүркен Қажмаханұлы – «Талас жастар орталығы» КММ-нің директоры.Сұлтанбеков Бағлан Данабекұлы –«Талас жастар орталығы» КММ-нің аға иниструкторыАлимбаев Айнұр Нұрланқызы – «Талас жастар орталығы» КММ-нің аға иниструкторы.

Осы дөңгелек үстелді жоспарын жүргізуші Н. Мырзаев бірінші болып, бұл іс-шараны ашты. Н. Мырзаев өз сөзінде: «Азаматтардың діни – сенім бостандығын қамтамасыз ету және діни экстремизмнің алдын алу» атты дөңгелек үстелді өткізіп отырған себебіміз, жастарға дәстүрлі және өзге ағымдағы дін туралы, діни эктремизм туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен діни экстремизнің алдын алу мақсатында «Жастар арасында діни экстремизімнің алдын алу және имандылыққа тәрбиелеу» тақырыбында 12 дөңгелек үстел отырысы, семинар, конференция. «Дін және жастар» тақырыбында 8 семинар, «Имандылық әлемі»; «Дін және қоғам» отырыстары ұйымдастырылды. Бұл шаралар ауылдық окруктерде де өткізілді,- деп сөзін тамамдады.

Бұдан кейін сөз алған «Қаратау» аудандық мешітінің бас имамы Алиев. Н. Өз сөзінде: Кез-келген кезеңде адамзаттың өмірі имандылыққа, рухани құндылықтарға, ізгілік пен ізеттілікке негізделмесе, сол қоғамды қасіретті жағдайлар орын алып, адам арсыздық пен абройсыздыққа ұшырайды,- деп сөзін бастады. Қазіргі болып жатқан келеңсіздіктер, яғни, діни экстримизімдердің кесірі ол мазхаб ұстанбағандықтардың және өз беттерінше Құран мен хадистерден пәтуа шығарып жатқанын, тіптен ата-аналарына қарсы келіп жатқанын. Мазхаб ұстанбау ол – адасушылық. Ненің харам ненің адал екенін ажырата алмайда қалатынын тіптен ненің дұрыс бұрыстығын оқусыз, білімсіз болмайтынын жан-жақты айтып өтті. Бұдан кейін де адам баласы бақытты болу үшін, ел арасында бұзынғыншылық және арандатушылық, болмаған кезде бақытты болатынын және басқа ағымдағы ниеті бұзық, жақсылық ойламайтын және де өздерінің не істеп жүргендерінен бей хабар болған жастарды және қазіргі салафит, иогова куәгері, ухабшылдық, таблиғат жамағаттары жайында да жан-жақты түсіндіріп өтті.

Кезекті сөз алған Сыздықов. Б. – аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің теологы. Шынайы діндердің барлығыда адамзатты жақсылыққа, мейірімділікке шақырады,-деп сөзін бастған Сыздықов. Б. Пайғамбарымыздың мына хадисин айтып өтті: «Мейірімді бол жердегілерге, сағанда мейрімділік көрсетеді көктегілер»,-дегендей деп сөзін ары жалғастырды. Және Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Жастарымыздың бір бөлігі дәстүрлі емес жалған дини ағымдардың көзқарасын көзсіз қабылдайды, өйткені, олардың жалған діни әсерлерге қарсы тұрар иммунитеті әлсіз»,-дегенін жеткізді. Сол иммунитетті күшейту үшін адамға рухани жан дүниесін байытатын діни сауаттылық қажет,-деді.

Бұдан кейінде сөз алған Рита Анарбаев Хасеновна – «Талас жастар орталығы» КММ-нің аға иниструкторы: Жалпы Экстремизім деген терминге ғалымдардың, ортақ нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ,-деп баяандады. Қазіргі таңда облыс бойынша 258 мектепте орын алған, яғни, толықтап айтсақ оқушылардың өз еркімен немесе ата-ананың күштеп қинауымен діни қысымға ұшырап, түрлі діни ағымдарға тартылғандыңы анықталды деді. Сонымен «Діни эктремизім» дегеніміз қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфесси бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын насйхаттау.

Оразбаев Акбар

Талас ауданы «Қаратау» мешітінің найб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: