Алғашқы лек имам-молдалардың 4 күндік семинары аяқталды

Алғашқы лек имам-молдалардың 4 күндік семинары аяқталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имамдардың білімін шыңдап, біліктілігін арттыру туралы Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес 2013 жылдың 4 – 7 қарашасы аралығында Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешіті облысымыздағы қала және ауыл имам-молдаларының басын құрап, білім жетілдіру семинарын ұйымдастырғаны белгілі. Енді сол семинар өз мәресіне жетіп, 40 молдаға білім жетілдіру семинарына қатысқаны үшін Бас имам Данияр Әлимұхаммедұлы арнайы сертификатты табыс етті. Төрт күнге созылған семинарда Құран Кәрім, тәжуид, мазхаптар тарихы сияқты пәндер оқытылғанын айта кету керек. Ендігі кезекте екінші лекті оқыту қолға алынуда.

Әміров Әбдіжаппар

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: