Облыстық деңгейдегі семинар өз жұмысын бастады

Облыстық деңгейдегі семинар өз жұмысын бастады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

28 қазан мен 2 қараша аралығында Алматы қаласындағы семинарға қатысып, білімін шыңдап қайтқан Жамбыл облысыңдағы өкіл имамы Данияр Әлимұхаммедұлы Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының имамдардың білімділігн арттыру туралы тапсырмасына орай «Һибатулла Тарази» медресесінде қала және ауыл имам-молдаларының кезекті семинарын ұйымдастырды. Олар 4 топқа бөлініп, әр топта елу имам жеделдетіп дәріс тыңдайтын болады. Семинар кезінде Құран Кәрім, тәжуид, мазхаптар тарихы, шешендік өнер (һитабәт), хадис ілімі және Ислам ғылымхалы пәндерінен медресеміздің білікті де білімді ұстаздары дәріс береді. 1 ай бойы дін ғылымымен сусындаған имам-молдаларымыз өңірлердегі діни ахуалдың жақсаруына, дініміздің өркендеуіне үлкен үлес қосады деп сенеміз.

Әміров Әбдіжаппар

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: