Қоғамда діни сана қалыптастыру, өңірлік діни ахуал және діни білім беру мәселелері

Қоғамда діни сана қалыптастыру, өңірлік діни ахуал және діни білім беру мәселелері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 


тақырыбында ұйымдастырылған семинарға Дін істері агенттігі діни оқу орындарымен байланыс және дінитану сараптамасы басқармасының басшысы Айнұр Әбдірәсілқызы арнайы шақырылып, ҚМДБ-ның Жалпы және жастар бөлімінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Аманбаев Ержан Маханұлы және Облыс әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы баяндама жасады.

Семинар жұмысын институт ректоры т.ғ.д., профессор Д.П.Қожамжарова кіріспе сөзімен ашып, бүгінгі жастар арасында дін мәселесінің күрделі проблемаға айналып отырғанын, жастар арасында діни фанатизм мен экстремизм қауіптерімен күресу үшін қоғамда, әсіресе жастар арасында діни сана қалыптастыру мәселесінің өзекті екендігін ерекше атап өтті. Екі сағатқа созылған семинар өте әсерлі өтті.

Семинар соңында жастар арасында сұрақтарға мардымды жауаптар берілді. Жиынға облыстық БАҚ өкілдері, Қазақстан-Тараз телеарнасы, Ақжол, Арай, Знамя труда, Новый регион газеттерінің тілшілері қатысты.

ҚМДБ-ның Жалпы және жастар бөлімінің
 Жамбыл облысы бойынша өкілі
Аманбаев Ержан Маханұлы


 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: