Қордай ауданы имам-молдаларының қазан айы бойынша қорытынды жиналысы

Қордай ауданы имам-молдаларының қазан айы бойынша қорытынды жиналысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әдеттегідей айдың аяғында аудандық «Қордай» мешітіне, бас имамы Ә.Шалбай аудан бойынша қызмет ететін имам-молдаларды кезекті жиналысқа шақырды. Ә.Шалбай қазан айында ауыл имам-молдаларының атқарған жұмысы жайлы қорытынды есеп алып, толықтырулар енгізу қажеттігін ескертті. Мешіттердің қыс маусымына дайындығы пысықталды. Сөзін жалғастыра келе, бүгінгі күнгі өзекті тақырып ол жастармен жұмыс екенін айтып, осыған байланысты ой-пікірлерін ортаға салып, жоспарларымен бөлісті.

Жастармен кездесулерді жиі ұйымдастырып, мектеп, колледж басшыларымен бірігіп түрлі тақырыпта жиындар өткізу жүктелді.Келесі мәселе ол 2014 жылға «Ислам және өркениет» газетіне және «Иман» журналына жазылу барысы талқыланды. Осы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиімді уағыз-насихат жүретіндігі ескертіліп, осындай мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігі ескертілді. Имамдардың да жергілікті газет беттеріне өз тараптарынан діни мақалалар жіберіуін міндеттеді. Ә.Шалбай тарапынан көтерілген маңызды мәселе ол шәкірт тәрбиелеу мен имамдардың білімін жетілдіру. Бас имам Ә.Шалбай әрбір ауыл имамынан қанша шәкірт тәрбиелеп жатқандығын бір-бірден тоқталып, сұрап шығып, осы бағыттағы жұмыс үдерісін күшейтуді тапсырды.. Имамдардың өз білімін жетілдіру қажеттігін ескертіп, Ә.Шалбай осы істе ҚМДБ тарапынан да, облыстық өкілдік тарапынан да барлық жағдай ойластырылғанын тілге тиек етті. Осындай жиындар арқылы дініміздің кең етек жаюына үлес қосамыз деген ойдамыз, осы жолдан тайдыра көрме Уа Алла!

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: