Жастардың құқық бұзушылығын алдын алу

Жастардың құқық бұзушылығын алдын алу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігі мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұйымдастыруыменен жастардың жан-жақты дамуына ықпал жасап, жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзышылықтарды алдын-алу, есепте тұрған қиын балалармен жұмыс жасау. Құқық бұзушылықтардың әлеуметтік-құқықтық алдын алудағы бағдары бағытын қамтамасыз ету мақсатында «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстелде» ҚМДБ-ның Жалпы және жастар бөлімінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Аманбаев Ержан, Жамбыл облысы ІІД ӘПБ ювенальді полиция бөлімінің бастығы Қ.Қалжанов, облыс әкімінің жанындағы балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Б.Жаксылыкова, облыстық балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы С.Шевченко, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы С.Толепбергенов, Тараз қалалық ішкі істер басқармасының ЮПБ инспекторы Н.Әшекеев, Тараз қалалық прокурор аға көмекшісі Ә.Мұсаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық пәнінің мұғалімі Д.Байтленова өз ойларын ортаға салып, талқылады.

«Дөңгелек үстелге» университет жастары және Жамбыл олыстық «Ақжол», «Арай», қалалық «Жамбыл Тараз» газеттері мен «Университет тынысы» БАҚ өкілдері қатысты.

Аманбаев Ержан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: