ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауылындағы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге мешіт жамағаты, ауыл қариясы Зияділда Әлімбетов, «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірті Рүстем Қалмұратов, Жамбыл мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәкен Исмаилов, мектеп психологы Рима Сатыбалдиева және жүздеген оқушылар қатысты. Алғаш сөз алған аудан имамы Қуат Дүйсенбайұлы оқушыларға Ұлық болған Құрбан айт мерекесінің қадірін, адамға берер пайдасын, құрбанға шалынатын малдың қандай болатынын түсіндіріп берді. Оған қоса қазіргі таңда елімізде қаптап кеткен діни ағымдар турасында мағлұмат берді. Аудан имамынан кейін сөз алған мешіт қариясы Әлімбетов З. Оқушыларға өзінің көрген өнегелі өмірін айтып ақ жолдан айнымай, имандылықтан айырылмай иманды ұл, ибалы қыз болып өсулерін айтып өтті.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: