Үмбеттің ұлық мерекесімен қоштасты

Үмбеттің ұлық мерекесімен қоштасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тағы бір күнделік беті өз парағын жаңалап тарих болып қала берді.
Жыл аңсап сағындырған, Ұлық мерке Құрбан айтқа хош дедік.
Бабаларымыз «Ай ат басын бұрғанша, Жыл жылқы аунап тұрғанша.» деуінің тегін емесстігін аңғардық. Биылғы Құрбан айт мерекесінің аталып өтілуінде өткен жылдарға қарағанда ұқсамайтын тұстар көп болды.


     Жарлы мен бай теңеліп, бір дастархан басында қуанышты көңіл күй кешіп, қасиетті Мерекені ұлықтап Қағбаны бетке алып намаз өтеп, дұға жасап бата беріліп, өткендерді еске алып, барға қанағат жоққа сабыр қылатын жайымыз бар. Бұл Құрбанға жеткенде бар, жетпегенде, біреу осы айтта дүние есігін ашқанда болар. Алланың рызық несібесі азайған емес.


      Құрбан айт күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен қарау, құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаздан алдын ештеңе жемей, намазға бара жатқанда тәкбір айту - хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті. Аллаһ Тағала әмірі мен пайғамбарлар сүннетін орындау Жаратушы Иеміздің ризашылығына жақындатып, ақиретте сый-сияпатына кенелтеді. Сондықтан да айтқа ниеттеніп, дайындалушы немесе ынта-ықыласымен құрбандық шалушының Тәңірі мейіріміне бөленіп, о дүниеде жүзі жарық, мол сауапқа ие болары сөзсіз. Қажылыққа барған тәуап етушілер мен оған себепті жағдаймен бара алмағандарға айт күндері ортақ ғибадат - құрбандық шалу.


      Осы құрбан малының етінен жетім-жесірге, Мүсәпір кәріпке, жоқ жітік кедейге үлестіру сан жылғы үрдіс. ҚМДБ-ның Төрағасы Бас мүфти Ержан Қажы Малғажыұлы еліміз бойынша өкілдіктерге арнайы тапсырма берген болатын. Аллаға мың шүкір сабақты ине сәтімен болды. Барлығы ойдағыдай орындалы. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла-Тарази» мешінде мұқтаж жандарға Құрбан малының еті таратылса, Медерсе көлемінде Зағип жандарға арнайы ас беріп, қыздар бөлімінде көңілді кеш ұйымдастырылды. Осы шаралардың барлығына мұрындық болып, аудан- қала көлменідегі мешіттерде тойлануды тапсырған ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Жұмабаев Данияр қажы екендігін айта кетуіміз керек. Міне ұлық мереке ұлттық нақышта аталып, кең көлмеде тойланды. ҚМДБ-ның облысымыздағы  "Зекет қоры" қайырымдылық шараларда ат салысты.
     Жыл айналып келгенше сау саламат болайық ағайын.

 

Көгедай Шәмерхан

 

Зағиб жандарға мерекелік көніл күй силаудан көрініс (ФОТО)  

 

 

 

 

 

 

 

 

http://fotohost.kz/images/2013/10/19/sPBcA.jpg

 

 

Қаракөздеріміздің Қасиетті мерекені ұлықтауы (ФОТО)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: