Әскерге бару даңқ, Отанды қорғау міндет

Әскерге бару даңқ, Отанды қорғау міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кішкентай құс торғайда өз ұясын қорғайды. Ал, Отан сенің, әрі туған еліңнің баспанасы емес пе?

Өзгенің арбауына шатылып, шетел асып адамдық ар, ізгі қасиетке нұқсан келітіріп, Еліңе мін, жеріңе сын болатын қадамға барып адасқаннан гөрі, өз еліңді қорғап, титімдей тасына дейін сүю бақыт. Бабалар аманаттаған ұлан-қайыр жерді көзіңнің қарашығындай қорғау барлығымызға ортақ борыш.

Сондай-ақ, Қзақстан Республикасы Қарулы Күштеріне басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына жас толықтыруды 2013 жылдың күзгі жөнелту іс-шараларын өткізуге сәйкес «Салтанатты шығарып салу» Жамбыл облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өткізіліп, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы жастар бөлімінің өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Аманбаев Ержан Маханұлы қатысып қайтты.

Әскерге аттанғалы тұрған жастарға наиб имам «Отанды сүю иманнан деп бабаларымыз айтқандай, жүрегінде иманы бар адам ғана өз отанын сүйе алады. Берген анттарыңа адал болыңдар. Отанның болашағы сендердің қолдарыңда, әскерге бару Отан алындағы даңқты міндет. Осы міндетті абыроймен өтеңдер» деп ақ тілек айтып, жолға шығарып салды.

Жалынды жастардың көзіндегі жалындаған отты көріп, тастүлек қыран дерсің. Ашық аспан астында, ел тыныштығын сақтау, қар кешіп, мұз жастанып, ат үстінде ұйықтамай, шегараны күзету олардың жүрек қалауы. Ал біздегі міндет сол азаматтардың амандығын тілеп, ауызбіршілікті сақтау болып табылады. Ешкімнің арзан сөзі, лас байлығы көзімізді қызарта алмайды. Тек елміз аман, жұртымыз тыныш болса игі.

Көгедай Шәмерхан 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: