Жамбыл облысы бойынша Жалпы және жастар ісі бөлімінің өкілі Аманбаев Ержан Маханұлы Тараз мемлекеттік университетінің М-1 тобының 3 курс білімгерлерімен біріге «Жетім көрсең жебей жүр» деп, қаламыздағы Сарымолдаев атындағы балалар үйінің 50 бүлдіршіндеріне құрбан айт дастарханын жасап, әрбір балаға айттық сыйлықтар ұйымдастырды. Е.М.Аманбаев ТарМУ-нің білімгерлеріне және жас бүлдіршіндеріне бауырмашылдық турасында уағыз айтты. Дастархан басында бүлдіршіндер аға-апкелеріне өлеңдерін оқып берді. Әрбір бүлдіршінге айттық естелік сыйлықтар тапсырылды. Е.М.Аманбаев алдағы уақыттарда да облысымыздағы жастарды жақсылыққа жарыстырып, жақсы істерде жұмылдыруды көздейді. Жастар біздің ертеңгі күніміздің иесі. Болашақ бүгіннен басталады.






26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

