(ФОТО) (ВИДЕО) Тереңөзек халқын тебіренткен мерекелік шара

(ФОТО) (ВИДЕО) Тереңөзек халқын тебіренткен мерекелік шара

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құрбан айттың бірінші күні Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Тереңөзек ауылында «Таңат Ата» мешіті ашылып, меркенің сәніне әр қосты. Аудандық мешіттердің Бас имамы Жадыраев Сұлтаншәріп Қажымен, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажы жергілікті ауданның басшылығымен ақылдасып, аталмыш мешіттің ашылуын Құрбан айт мерекесінің алғашқы күніне туралаған болатын.

Себебі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислам бірлестігінің төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, еліміздің барлық өңірлеріндегі өкіл имамдарына Құрбан айт мерекесін салтанатты түрде, кең көлемде атап өтуді тапсырған еді. Міне бұл іс-шара сол тапсырмаға лайықты түрде аталып өтті.


«Таңат Ата» мештінің ашылуына Тұрар Рысқұлов ауданының әкімінің орынбасары Әлпейісов Бейсенге сөз берілді. Сөз кезегінде, өкіл имам Жұмабаев Данияр қажы Тереңөзек жұртшылғына Бас мүфти Ержан қажының ақ сәлемін жеткізгеннен соң, жиналған халыққа жаңа мешіт құтты болсын айтып, мешітті тұрғызған Көшкінбаев Талғат Жүнісқадырұлына алғыс білдірді.


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің, Қазақстан халқын Құрбан мерекесімен құттықтауындағы «Бұл мейрам - ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани ұлы құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күндері көпшілік жұрт құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді. Береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттыратын құтты мейрам - Құрбан айт адамдардың етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Ол жетім-жесірді жебеу, мұқтажға қол ұшын беру сияқты гуманистік дәстүрлерді нығайтуға қомақты үлес қосады. Ата-бабалармыз осы асыл үрдістерді ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді. Еліміз азаттық алғалы бері ата дініміз нағыз өркендеудің жолына түсті. Дін өз руханилық негіздерін нығайтатын, өзгеге өнеге болатын ізгі ниет пен игі әрекеттен көрініс табады. Діннің басты мұраты - қоғамның биік рухани мәдениетін қалыптастыру.» деген ұлағатты сөзін тілге тиек етіп, «Таңат Ата» мешітінің имамына қасиетті Құран Кәрімді сыиға тартты.


Жиналған көпшілік қауымға көңілдеріндегі сұраққа жауап беретін Діни басқарма тарапына шығарылған шағын кітапшалар тарқатты. Бұдан бөлек, мешіт ашылуы мен қатар Тереңөзек ауылының тумасы, жыршы ақын Өзбек Ақжол ұлы атында саяжол ашылды. Мешіт лентасы қиылған соң барлық жамағат мешіт ішіне кіріп екі рәкағаттан намаз өтеді.


Мерекелік көңіл күй сыйлау үшін арнайы дайындалған концерт қойылып, бишілер мың бұрала биге басып, өнерпаздар өнерін ортаға салып, аядай ауылдың аспанын күмбірлі күй, сазды әуенге бөледі. Концертке Жамбыл облыстық Филормонияның әнішілерімен қатар «Тараз» триосы да қатынасты. Жас өспірімдер арасында күрес ұйымдастырлып, үздік шыққан жас балуандарға шағын сый- сыяпат үлестірілді. Мерекелік шарамен қоса мешіт ашылуына арнайы алыс-жақыннан келген қонақтарға ауыл орталығындағы «Асқартау» мейрамханасында ас беріліп, ғылыми теориялық көнференцияға ұласты. «Дәл осындай ауылда той болса екен.», деп басталатын халықтық ән жолдары еріксіз еске оралған бір сәт демеске шара жоқ.


Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде:«Көпшіліктен ажырамаңдар. Бөлінуден сақ болыңдар. Себебі шайтан жалғыздың қасында жүреді. Екі адамнан сәл алысырақ болады. Кім жәннаттың ортасында болуды қаласа, жамағаттан айрылмасын». деген болатын.
Алла баршамызды Татулық, ауыз біршіліктен айырмасын ағайын.


Көгедай Шәмерхан

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: