Қордай ауданына қарасты Қарасу ауылдық Ал-Хадий мешіті де қатардан қалмай, ұлық мерекеге дайындық үстінде. Ауыл имамы С.Аманбаев мешіт жамағатын ұйымдастырып мешіт аумағында сенбілік ұйымдастырды. Мешіттің іші-сыртын тазалап, әрлендіруде. Мешіт сыртына «Құрбан айт-мұсылмандардың ұлық мерекесі құтты болсын!» атты мерекелік баннер ілінді. Құттықтау хаттары жасатылып, ол қалың елге таратылды.
Аталмыш мешіттің имамы С.Аманбаев Қарасу ауыл мектебінде «Бала және дін» атты ашық сабаққа қатысты. Ашық сабаққа жоғарғы сынып оқушылары, ата-аналар және мектеп мұғалімдері қатысып, өз ой пікірлерін білдірді. Ашық сабақ барысында балалар тәрбиесіндегі өзекті мәселелер көтеріліп, талқыға салынды. Мешіт имамы С.Аманбаев Ислам дінінің құндылықтары жайлы уағыз айтты.
Аудандық «Қордай мешітінің
баспасөз қызметі




26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

