Қордайлықтардың ұлық мерекеге дайындық барысы

Қордайлықтардың ұлық мерекеге дайындық барысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлық болған мерекеде қуанта күн санап жақындап келе жатыр. Аудандық «Қордай» мешітінің қызметкерлері мұсылман жамағаты мерекені ешбір уайымсыз өткізу үшін қызу дайындық үстінде. Алдында хабарлағанымыздай Алла үйіне сенбілік жасап, айналасы абаттандырылса, мереке қарсаңында «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде және «Кәсіпкер жаршысы» қоғамдық газетінде Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбайдың құрбан айт жайлы мақаласы жарық көрді. Аудандық мекеме басшылары мен кәсіпкерлерге, аудан ақсақалдарына, жамағат мүшелеріне құттықтау хаттары жолданды. Қордай орталығында «Құрбан айт мейрамы құтты болсын» атты мерекелік баннерлер Жібек-жолы көшесінде және Алматы-Тараз халықаралық дәлізінің бойында дәл осындай баннерлер ілінді. Мешіт дарбазасы түнгі шамдармен безендірілді. Жалпы айтқанда меркеге Алла қаласа дайындық жақсы. Уа Алла өзің құтты еткен мерекеге дін аманда жеткізе гөр!

Дәуренбек Жандосұлы Аудандық «Қордай» мешіті

 

 



 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: