
- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 5705
ТАЗАЛЫҚ ИМАННЫҢ ЖАРТЫСЫ
Мойынқұм ауданы бойынша мешіттерде Құрбан айт қарсаныңда тазалық жұмыстары атқарылды. Мойынқұм аудандық мешіті және Жамбыл ауылындағы «Жексенбай-ата» мешітінің ауласы күл-қоқыстардан тазартылып, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Жамбыл ауылындағы тазалық жұмыстарын мешіт имамы Исаев Зият бастаған, мешіт жамағаты және мешіт жанынан ашылған сауат ашу курсында оқитын ұл-қыздар ауызбіршілікпен қатысып, қасиетті Құрбан айт мерекесіне мойынқұм жамағаты осылайша дайындалуда.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.


15 Тамыз 2026
1 Раби-авваль 1448