Күні кеше Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның ұйымдастырумен ата-аналармен жиналыс өткізілді.Жиналысқа аудан әкімшілігінің білім бөлімінің маманы Оңғарбаева Лаура ,аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы Мандиров Асылбек,Жуалы ауданының бас имамы Кенжемолдаев А Р және Александр Герцен атындағы орта мектебінің директоры Айжанов Мажит,ауыл әкімшілігінің маманы Белдібеков Қайнарбек қатысты.
Жиналыстың негізгі тақырыбы мектеп жасындағы жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі,олардың өкінішке орай қылмыстық істерге,бұзықтыққа әуестігі,сондай-ақ жасөспірімдердің сууцидке баруы,мектеп аралық төбелес,әлімжеттік т.б жастар тәрбиесіндегі келеңсіз жағдайлар әңгіме өзегіне айналды.Аудан бойынша статистика көрсеткіші бойынша жастар арасындағы қылмыс көңіл көншітпейді.Жасөспірімдердің қолынан 25 қылмыстық іс,98 әкімшілік құқық бұзушылық,сондай-ақ жасөспірімдерден бірақ жылдың көлемінде бес бала сууцидке барулары бәрімізді алаңдатты.Құқық қорғау органы мен білім бөлімдерінің мамандарымен ауыл әкімшілігі мен мешіт имамдары мектептердің барлығы аралауды аудан әкімшілігімен біріге жоспарға қойған еді.А.Герцен орта мектебіндегі ата-аналармен өткізілген бұл жиналыс сол игі бастаманың әуелгісі болып жүзеге асты.Мұғалімдер,құқық қорғау,әкімшілік мамандары мен имамдар өзара пікірлерін білдіріп,балалардың ата-аналарымен бұл мәселерден шығу жолдарын талқылады.Сұрақтар қойылып,өзара пікірлесіп,соңында жасөспірім тәрбиесіне көңілді көбірек бөліп,қоғам болып,бұл келеңсіздікпен күресу керек деп тарқасты.





26 Қаңтар 2026
7 Шаабан 1447

